Жақсы аудандық мәслихатының 2013 жылғы 29 наурыздағы № 5С-14-3 "Жақсы ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Жақсы аудандық мәслихатының 2014 жылғы 12 қарашадағы № 5ВС-32-2 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 3 желтоқсанда № 4489 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Жақсы аудандық мәслихатының 2015 жылғы 19 ақпандағы № 5ВС-35-8 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Жақсы аудандық мәслихатының 19.02.2015 № 5ВС-35-8 (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97 бабына, "Тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына сәйкес, Жақсы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Жақсы аудандық мәслихатының "Жақсы ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы" 2013 жылғы 29 наурыздағы № 5С-14-3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3705 болып тіркелген, 2013 жылдың 03 мамырда "Жақсы жаршысы" аудандық газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
      Жақсы ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы, осы аталған шешімімен бекітілген:
      кіріспе жаңа редакцияда баяндалсын:
      "Осы Жақсы ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы (бұдан әрі - Қағида) "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңына, "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 қаулысына, "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына, "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" (бұдан әрі - Стандарт) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 185 қаулысына сәйкес әзірленді және Жақсы ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін тағайындаудың мөлшерін және тәртібін анықтайды.";
       9 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      "9. Тұрғын үй көмегі тұрғын үй иесінің немесе жалдаушының (қосымша жалдаушының) өтініші Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің "Халыққа қызмет көрсету орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны немесе "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
      Қажетті құжаттардың тізбесі 2 бөлімдегі 9 тармақтағы Стандарт бойынша анықталады.";
      10, 11, 12, 14 тармақтарды шығару.
      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Жақсы аудандық
 
сессиясының төрағасы
Б.Жанәділов
Жақсы аудандық
 
мәслихатының хатшысы
Б.Жанәділов
КЕЛІСІЛГЕН
 
Жақсы ауданының әкімі
Қ.Сүйіндіков

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады