РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97 бабына, "Тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 Қаулысына сәйкес, Жақсы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Беріліп отырған Жақсы ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасы бекітілсін.
2. Жақсы аудандық мәслихаттың "Жақсы ауданында тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" 2012 жылғы 24 сәуірдегі № 5С-4-3 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 1-13-156 тіркелген, 2012 жылғы 1 маусымында "Жақсы жаршысы" аудандық газетінде жарияланған) күші жойылған деп танылсын.
3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жақсы аудандық мәслихатының | |
сессия төрайымы | Е.Алешина |
Жақсы аудандық | |
мәслихатының хатшысы | Б.Жанәділов |
КЕЛІСІЛГЕН | |
Жақсы ауданының әкімі | И.Қабдуғалиев |
Жақсы аудандық мәслихатының 2013 жылғы 29 наурызда № 5С-14-3 шешімімен БЕКІТІЛДІ |
Жақсы ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету
ҚАҒИДАСЫ
Осы Жақсы ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы (бұдан әрі - Қағида) "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңына, "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 қаулысына, "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына, "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" (бұдан әрі - Стандарт) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 185 қаулысына сәйкес әзірленді және Жақсы ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін тағайындаудың мөлшерін және тәртібін анықтайды.Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Ақмола облысы Жақсы аудандық мәслихатының 12.11.2014 № 5ВС-32-2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
1. Жалпы ереже
1. Тұрғын үй көмегі аудандық бюджет қаражаты есебінен Жақсы ауданында тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):1) жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға;
2) тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына;
3) жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысын төлеуге беріледі.
Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.
Тұрғын үй көмегi телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының ұлғаюы бөлiгiнде тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған шығыстарға, тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі шаралар қолданылатын, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерiн тұтынуға нормалар шегiнде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған, жергiлiктi өкiлдi органдар белгiлеген шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.
Тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына, жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысын шығуы мүмкін шығындар үлесінің шегі отбасының жиынтық табысының 11 пайыз мөлшерінде белгіленеді.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Жақсы аудандық мәслихатының 16.04.2014 № 5ВС-27-3 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
2. Жақсы ауданында тұрақты тұратын адамдарға тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерін айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп ұстауға арналған коммуналдық қызметтер ақысын төлеу.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Жақсы аудандық мәслихатының 16.04.2014 № 5ВС-27-3 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
3. Тұрғын үйді күтіп ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтыну белгіленген көлемнің нормасынан жоғары болса, төлем жалпыға бірдей негізде жүргізіледі. Өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй көлемінің нормасы бір адамға он сегіз шаршы метр болып қабылданады. Жалғыз тұратын азаматтар үшін өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй көлемінің нормасы отыз шаршы метр.
4. Тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу бойынша өкілетті орган "Жақсы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі болып анықталды.
2. Тұрғын үй көмегін тағайындау мен төлеу
5. Тұрғын үй көмегі аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), жеке меншігінде бір бірліктен артық үйі бар (пәтер, үй) немесе тұрғын жайды жалға берген (қосымша жалға) отбасылар (азаматтар), сонымен қатар отбасында еңбекке жарамды, бірақ жұмыс істемейтін, оқу орнының күндізгі бөлімінде оқымайтын, әскер қатарында қызмет етпейтін және "Жақсы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінде жұмыссыз ретінде тіркелмеген (күтімге мұқтаж тұлғаларға күтім көрсететіндерден басқа) мүшелері бар отбасылардан басқаларға тағайындалады.6. Коммуналдық тұрғын үйде тұратындар үшін жылытуға шығын жоспарлы есептеу бойынша алынады, әрі нақты төлеген төлем бойынша қайта есептеледі.
7. Пешпен жылытылатын жеке үйде тұратындарға тұрғын үй көмегі жылына бір рет көрсетіледі, сонда отын нормасы біржолғы деп алынады. Отын шығыны айына 1 квадраттық метрге 49,75 килограмм көлемінде есептеледі, алайда отбасыға жылына бес тонна көмірден артық емес.
Көмірдің құнын есептеу үшін тұрғын үй көмегін алдағы тоқсанға тағайындау өткен тоқсандағы Жақсы ауданының статистика басқармасы ұсынған аудан бойынша орта бағасы пайдаланылады.
8. Тұрғын үй көмегі өтініш берген айдан бастап ағымдағы тоқсанға тағайындалады.
Тұрғын үй көмегінің көлемі тұрғын үйді күтіп ұстау және коммуналдық қызметтерді тұтынуға нақты есептелген төлеу сомасынан артық болуы мүмкін емес.
Тұрғын үйді күтіп ұстауға және коммуналдық қызметтерге төлеу тарифі өзгергенде, отбасының кірісі өзгергенде тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу бойынша уәкілетті орган бұрын есептелген тұрғын үй көмегіне қайта есептеу жүргізеді.
9. Тұрғын үй көмегі тұрғын үй иесінің немесе жалдаушының (қосымша жалдаушының) өтініші Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің "Халыққа қызмет көрсету орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны немесе "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
Қажетті құжаттардың тізбесі 2 бөлімдегі 9 тармақтағы Стандарт бойынша анықталады.
Ескерту. 9-тармаққа жаңа редакцияда - Ақмола облысы Жақсы аудандық мәслихатының 12.11.2014 № 5ВС-32-2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
10. алынып тасталды - Ақмола облысы Жақсы аудандық мәслихатының 12.11.2014 № 5ВС-32-2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
11. алынып тасталды - Ақмола облысы Жақсы аудандық мәслихатының 12.11.2014 № 5ВС-32-2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
12. алынып тасталды - Ақмола облысы Жақсы аудандық мәслихатының 12.11.2014 № 5ВС-32-2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
13. алынып тасталды - Ақмола облысы Жақсы аудандық мәслихатының 16.04.2014 № 5ВС-27-3 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
14. алынып тасталды - Ақмола облысы Жақсы аудандық мәслихатының 12.11.2014 № 5ВС-32-2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
15. Өтініш берушіден құжаттарды қабылдаған күннен бастап "Жақсы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі он күнтізбелік күн ішінде қарастырып тұрғын үй көмегін тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешімді шығарады.
16. Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы немесе бас тарту туралы хабарлама "Жақсы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүгінген кезде тікелей өзі баруы немесе пошталық хабарлама арқылы жасалады.
17. Тұрғын үй көмегін тағайындаудан бас тарту туралы шешімді "Жақсы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған төлемдер, коммуналдық қызметтер мен телекоммуникация желiсiне қосылған телефонға абоненттiк төлемақы өсуі бөлiгiнде байланыс қызметтерi үшiн, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу отбасының осы мақсаттарға белгіленген шығыстарының жол берілетін шекті деңгейінен аспайтын болса шығарады.
18. Ұсынылған ақпараттың сенімділігіне күдік туындаған жағдайда "Жақсы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі тексеріс жүргізуге өкілетті органдарға өтініш білдіреді. "Жақсы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңсыз немесе жоғары тұрғын үй көмегін тағайындалуына әкелген әдейі жалған мәліметтер берілсе, заңсыз тағайындалған соманы меншік иесі (жолдаушы) өз еркімен қайтарады, ал бас тартқан жағдайда сот арқылы қайтарылады.
19. Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегі төлемдерін "Жақсы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен екінші деңгейдегі банк арқылы, алушының өзі таңдаған екінші деңгейдегі банктегі немесе банк операцияларының тиісті түріне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы бар ұйымдағы жеке шотының деректерін көрсете отырып берген өтініші негізінде жүзеге асырылады.