РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына сәйкес, Қорғалжын ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қорғалжын ауданы әкімдігінің "2013 жылға Қорғалжын ауданындағы халықтың нысаналы топтарына жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы" 2013 жылғы 11 ақпандағы № 22 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3669 тіркелген, 2013 жылғы 22 наурызда "Нұр-Қорғалжын" газетінде жарияланған) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
қаулының кіріспесі жаңа редакцияда баяндалсын:
"Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5 бабының 2 тармағына, 7 бабының 2) тармақшасына сәйкес, Қорғалжын ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:".
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қорғалжын ауданы әкімінің орынбасары С.Қ.Аққожинаға жүктелсін.
3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қорғалжын ауданының әкімі | Қ.Рыскелдінов |