2013 жылға Қорғалжын ауданындағы халықтың нысаналы топтарына жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы

Жаңартылған

Ақмола облысы Қорғалжын ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 11 ақпандағы № 22 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 06 наурызда № 3669 болып тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5 бабының 2 тармағына, 7 бабының 2) тармақшасына сәйкес, Қорғалжын ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Ақмола облысы Қорғалжын ауданы әкімдігінің 01.10.2013 № 177 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      1. 2013 жылға Қорғалжын ауданындағы халықтың нысаналы топтарына жататын адамдардың қосымша тізбесі белгіленсін:
      1) ұзақ уақыт жұмыс істемейтін тұлғалар (бір жылдан артық);
      2) жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
      3) туберкулездік, онкологиялық аурулар, жүрек-қан тамырларының аурулармен ауыратын тұлғалар, адамның иммун тапшылығының вирусын жұқтырған тұлғалар, иммун тапшылығы синдромын жұқтырған тұлғалар;
      4) маусымдық жұмыстардың аяқталуына байланысты еңбек шартының мерзімі өткен тұлғалар.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қорғалжын ауданы әкімінің орынбасары С.Қ.Аққожинаға жүктелсін.
      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қорғалжын ауданының әкімі                  Қ.Рыскелдінов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады