Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына сәйкес, Әйтеке би ауданының мемлекеттік бас ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2013 жылғы 15 қаңтардағы № 10 ұсынысы негізінде Комсомол селолық округі әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Иттер арасында құтыру ауруының анықталуына байланысты Комсомол селолық округінің Комсомол селосындағы Әйтеке би көшесінде шектеу іс шараларын енгізе отырып, ветеринариялық режим белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан күннен соң қолданысқа енгізіледі.
Комсомол селолық округінің әкімі | М.Аяғанұлы |