Комсомол селолық округінің Комсомол селосының Әйтеке би көшесі бойынша шектеу іс-шараларын енгізе отырып ветеринариялық режим белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Комсомол селолық округінің әкімінің 2013 жылғы 11 наурыздағы № 16 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 13 наурызда № 3550 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Комсомол селолық округінің әкімінің 2013 жылғы 11 сәуірдегі № 32 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Комсомол селолық округінің әкімінің 11.04.2013 № 32 шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына сәйкес, Әйтеке би ауданының мемлекеттік бас ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2013 жылғы 15 қаңтардағы № 10 ұсынысы негізінде Комсомол селолық округі әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Иттер арасында құтыру ауруының анықталуына байланысты Комсомол селолық округінің Комсомол селосындағы Әйтеке би көшесінде шектеу іс шараларын енгізе отырып, ветеринариялық режим белгіленсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан күннен соң қолданысқа енгізіледі.
      Комсомол селолық округінің әкімі М.Аяғанұлы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады