Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Үлгілік қағидаларына сәйкес, Алға аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қоса беріліп отырған Алға ауданында әлеуметтік көмек көрсету және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидалары бекітілсін.
2. Осы шешім 2014 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы: | Қ. Нұрғалиев |
Аудандық мәслихаттың хатшысы: | А. Кайрушев |
Алға ауданы мәслихатының 2013 жылғы 08.11 № 112 шешімімен бекітілген |
Алға ауданында әлеуметтік көмек көрсету және мұқтаж
азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау
ҚАҒИДАЛАРЫ
1. Осы әлеуметтік көмек көрсету және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидалары (бұдан әрі–Қағида) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Үлгілік қағидасын бекіту туралы" (әрі қарай-Үлгілік Қағида) қаулысына сәйкес әзірленді және әлеуметтік көмек көрсету мен мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау тәртібін белгілейді.1. Жалпы ереже
2. Осы қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:1) атаулы күндер – жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;
2) арнайы комиссия - өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша аудан әкімдігінің шешімімен құрылатын комиссия;
3) ең төменгі күнкөріс деңгейі – облыстағы статистикалық орган есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;
4) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;
5) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;
6) жергілікті атқарушы орган – халықты әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ететін орган (бұдан әрі–ЖАО).
7) өмірлік қиын жағдай – азаматтың тыныс тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;
8) уәкілетті орган – жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын, әлеуметтік көмек көрсетуді жүзеге асыратын ауданның халықты әлеуметтік қорғау саласындағы атқарушы орган;
9) уәкілетті ұйым – "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы" республикалық қазыналық кәсіпорнының Алға аудандық филиалы;
10) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия;
11) шекті шама–әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.
3. Осы қағидалардың мақсаты үшін әлеуметтік көмек ретінде жергілікті атқарушы органдарымен (бұдан әрі-ЖАО) мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі-алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек болып табылады.
4. "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" 1995 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабында және "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы қағидада көзделген тәртіппен көрсетіледі.
5. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдықта 1 рет) көрсетіледі.
2. Әлеуметтік көмекті алушылардың санаттарының тізбесін айқындау тәртібі.
6. Атаулы күндер мен мереке күндері әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесі:9 мамыр Жеңіс күні мерекесіне орай:
Ұлы Отан соғысының қатысушылар мен мүгедектері;
жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген тұлғалар;
жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген тұлғалар;
жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соғысының қатысушыларына теңестірілген адамдардың басқа да санаттары;
1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 9 мамыры аралығында, кемінде 6 ай еңбек еткен тыл еңбеккерлері;
Мүгедектер күніне орай - мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алатын мүгедектері;
1 маусым - Балаларды қорғау күні мерекесіне, 18 жасқа дейінгі балаларға атаулы әлеуметтік көмек алатын аз қамтылған азаматтар (отбасылар);
әлеуметтік мәні бар аурулары (онкологиялық аурумен ауыратын, АИТВ жұқтырған және туберкулездің түрлі нысандарымен ауыратын) бар азаматтар;
Азаматтардың кейбір санаттары біржолғы әлеуметтік көмектің бірнеше түріне құқылы болған жағдайда, біржолғы әлеуметтік көмектің тек бір түрі (мөлшері бойынша ең жоғары) көрсетіледі.
7. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алушылардың тізбесі:
1.) Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектері;
2) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы қатысушыларына теңестірілген тұлғалар;
3) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы мүгедектеріне теңестірілген тұлғалар;
4) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соғыс қатысушыларына теңестірілген адамдардың басқа да санаттары;
5) зейнеткерлік жасқа жеткен тұлғалар;
6) мүгедектер, 18 жасқа дейінгі мүгедек баланы тәрбиелеп отырған тұлғалар;
7) саяси қуғын-сүргін құрбандары, саяси қуғын-сүргіндерден зардап шеккен тұлғалар;
8) көп балалы отбасылар, көп балалы аналар;
9) жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, балалар үйлерінің түлектері;
10) аз қамтылған отбасылар (азаматтар);
11) әлеуметтік мәні бар аурулары (онкологиялық аурумен ауыратын, АИТВ жұқтырған және туберкулездің түрлі нысандарымен ауыратын адамдар) бар азаматтар;
Жоғарыда аталған тұлғаларға, егер олар мемлекет тарапынан толық қамтамасыз етілмеген болса, әлеуметтік көмек көрсетіледі.
Азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаж азаматтардың санаттарының қатарына жатқызу үшін төмендегілер негіз бола алады:
1) Қазақстан Республикасының заңнамаларында қарастырылған негіздер;
2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) немесе олардың мүлкіне зиян келтіру не әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы;
3) жергілікті өкілетті органдар ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста белгілейтін шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысының болуы.
Арнайы комиссиялар әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарған кезде жергілікті өкілетті органдар бекіткен азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіздемелер тізбесін басшылыққа алады.
8. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.
3. Әлеуметтік көмекті көрсету тәртібі
9. Атаулы күндер мен мерекелік күндерге әлеуметтік көмек, өкілетті ұйымдардың ұсынысы бойынша, ЖАО бекіткен тізім бойынша өтініш берушіден өтініш талап етілмей көрсетіледі.10. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті орган немесе аудандық маңызы бар қала, ауыл, ауылдық округтың әкіміне мынадай құжаттарды:
1) жеке басын куәландыратын құжаты;
2) тұрғылықты жерде тіркелгендігін растайтын құжат;
3) Үлгілік қағиданың № 1 қосымшасына сәйкес отбасы (азаматтың) құрамы туралы мәліметтерді;
4) отбасы мүшелерінің (азаматтың) табысы туралы мәліметтерді;
5) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын актіні және/немесе құжаттар.
11. Құжаттардың салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары және көшірмелері ұсынылады, кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
12. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш түскен кезде уәкілетті орган немесе кент, ауыл, ауылдық округтың әкімі бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің құжаттарын азаматтың (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жібереді.
13. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіні тексеруді жүргізеді, оның нәтижелері Үлгілік қағиданың 2, 3 қосымшаларына сәйкес отбасының (азаматтың) материалдық жағдайы туралы акт жасайды және отбасының әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытындыны дайындап, уәкілетті органға немесе аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, ауылдық округтің әкіміне ұсынады.
Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, ауылдық округтің әкімі учаскелік комиссияның актісін және қорытындыны алған күннен бастап екі жұмыс күн ішінде қосымша жалғанған құжаттармен бірге уәкілетті органға ұсынады.
14. Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жетіспеген жағдайда уәкілетті орган, тиісті органдардан әлеуметтік көмек көрсету жөнінде құжаттарды қарау мәліметтерді сұрай алады.
15. Өтініш берушінің қажетті құжаттарды олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты беруге мүмкіндігі болмаған жағдайда уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тиісті мәліметтерді қамтитын өзге уәкілетті органдар мен ұйымдардың деректерінің негізінде әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдайды.
16. Уәкілетті орган учаскелік комиссия немесе аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, ауылдық округтің әкімінен құжаттар түскеннен бастап бір жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияда қарауға ұсынады.
17. Арнайы комиссия құжаттар түскеннен кейін екі жұмыс күн ішінде әлеуметтік көмек көрсету қажеттігі жөнінде шешім шығарып оңтайлы шешім қабылданған жағдайда әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсетеді.
18. Уәкілетті орган өтініш берушіден құжаттарды қабылдаған күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның қорытындысының негізінде әлеуметтік көмек тағайындау не тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Осы Қағидалардың 15 және 16 тармақтарында көрсетілген жағдайларда уәкілетті орган өтініш берушіден немесе аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, ауылдық округтің әкімінен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күн ішінде әлеуметтік көмек тағайындау не тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
19. Уәкілетті орган шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күн ішінде өтініш берушіге әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешімді (тағайындаудан бас тарту жағдайда негізін көрсетіп) жазбаша түрде хабардар етеді.
20. Белгіленген негіздемелердің біреуі бойынша әлеуметтік көмек күнтізбелік бір жыл ішінде қайта көрсетілмейді.
21. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту:
1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің жалғандығы анықталса;
2) өтініш беруші отбасының материалдық жағдайына тексеру жүргізуден бас тартқан, жалтарған;
3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін жергілікті өкілді органдар белгілеген шектен артқан жағдайларда жүзеге асырылады.
22. Әлеуметтік көмек беруге шығыстарды қаржыландыру, ауданның бюджетінде (облыстық маңызы бар қаланың) көзделген ағымдағы қаржылық жылға арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.
4. Әлеуметтік көмек көрсетуді тоқтату және қайтару негіздемелері
23. Әлеуметтік көмек:1) алушы қайтыс болған;
2) алушы тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінен тұрақты тұруға кеткен;
3) алушы мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберген жағдайларда;
4) алушы ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады;
Әлеуметтік көмек көрсету аталған жағдайлар орын алған айдан бастап тоқтатылады.
24. Артық төленген сомалар ерікті түрде, ал бас тартылған жағдайда Қазақстан Республикасы заңнамаларында белгіленген тәртібімен қайтарылуға жатады.