Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабының 5-5), 5-6) тармақтарына сәйкес Қарғалы аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аудан әкімдігінің 2011 жылғы 31 тамыздағы № 246 "Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар мен интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылғы 20 қыркүйекте № 3-6-126 болып тіркелген, "Қарғалы" газетінің 2011 жылғы 29 қыркүйектегі № 55 жарияланған) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
1 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
"Кәсіпорындар мен ұйымдарға меншік түріне қарамастан қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметiнiң есебiнде тұрған адамдар үшiн, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшiн және интернаттық ұйымдарды бiтiрушi кәмелетке толмағандар үшiн жұмыс орындарына 1% көлемінде квота белгіленсін".
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары І.Д.Тынымгереевке жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | М. Ибрашов |