Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар мен интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық әкімдігінің 2011 жылғы 31 тамыздағы № 246 қаулысы. Ақтөбе облысы Қарғалы ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 20 қыркүйекте № 3-6-126 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық әкімдігінің 2016 жылғы 16 мамырдағы № 190 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық әкімдігінің 16.05.2016 № 190 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабының 5-5, 5-6 тармақшаларына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Кәсіпорындар мен ұйымдарға меншік түріне қарамастан қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметiнiң есебiнде тұрған адамдар үшiн, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшiн және интернаттық ұйымдарды бiтiрушi кәмелетке толмағандар үшiн жұмыс орындарына 1% көлемінде квота белгіленсін
      Ескерту. 1 тармаққа өзгеріс енгізілді - Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық әкімдігінің 10.01.2013 № 4 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2. Қарғалы ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 29 наурыздағы № 86 "Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар мен интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі қосымша шаралар туралы" қаулысы бұзылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары І.Тынымгереевке жүктелсін.
      4. Осы қаулы ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі А. Сағиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады