Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" Заңының 10-бабына сәйкес, бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу мақсатында Қарғалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Қарғалы ауданы аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу орындары қосымшаға сәйкес анықталсын.
Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат | Аудандық мәслихат |
сессиясының төрағасы | хатшысы |
А. Утегенов | Х. Жылқыбеков |
2013 жылғы 30 сәуірдегі № 114 Аудандық мәслихатының шешіміне қосымша |
Қарғалы ауданы аумағында бейбіт жиналыстар,митингілер, шерулер,пикеттер мен демонстрациялар өткізу орындары
Ескерту. 1 қосымша жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының 20.03.2015 № 284 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).№ | Атауы | Бейбіт жиналыстар,митингілер,шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу орны |
1 | Бадамша селолық округі | Бадамша ауылы, Д.Қонаев көшесінде орналасқан аудандық мәдениет үйінің алдындағы алаң |
2 | Әлімбет селолық округі | |
3 | Ащылысай селолық округі | |
4 | Велихов селолық округі | |
5 | Желтау селолық округі | |
6 | Кемпірсай селолық округі | |
7 | Косестек селолық округі | |
8 | Степной селолық округі |