"Қарғалы ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" 2013 жылғы 30 сәуірдегі № 114 аудандық мәслихаттың шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының 2015 жылғы 20 наурыздағы № 284 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 01 сәуірде № 4272 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының 2016 жылғы 10 маусымдағы № 35 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының 10.06.2016 № 35 шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Занының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар,митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" Занының 10 бабына сәйкес, бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер,пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу мақсатында Қарғалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. "Қарғалы ауданында бейбіт жиналыстар,митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" 2013 жылғы 30 сәуірдегі № 114 (нормативтік құқықтық кесімдерді тіркеу тізіліміне № 3587 тіркелген, 2013 жылғы 23 мамырдағы аудандық "Қарғалы" газетінің № 21 санында жарияланған) аудандық мәслихаттың шешімінің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Аудандық мәслихаттың
сессия төрағасы
Н.Смолинец
Аудандық мәслихат
хатшысы
Х.Жылқыбеков
 
Аудандық мәслихаттың
 
2015 жылғы 20 наурыздағы № 284 шешіміне ҚОСЫМША

Қарғалы ауданы аумағында бейбіт жиналыстар,митингілер, шерулер,пикеттер мен демонстрациялар өткізу орындары


Атауы
Бейбіт жиналыстар,митингілер,шерулер,
пикеттер мен демонстрациялар өткізу орны
1
Бадамша
селолық округі
Бадамша ауылы, Д.Қонаев көшесінде орналасқан аудандық мәдениет үйінің алдындағы алаң
2
Әлімбет
селолық округі
3
Ащылысай
селолық округі
4
Велихов
селолық округі
5
Желтау
селолық округі
6
Кемпірсай
селолық округі
7
Косестек
селолық округі
8
Степной
селолық округі

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады