Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы Қаулысымен бекітілген тұрғын үй көмегін беру туралы Ережесінің 3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қазандағы "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" Қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" Қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" Қаулысына, және Қазақстан Республикасының Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi Агенттiгi төрағасының 2011 жылғы 5 желтоқсандағы "Тұрғын үй көмегiн алуға, сондай-ақ мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi алуға үмiткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу Қағидасын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес Хромтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қоса беріліп отырған Хромтау ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережесі бекітілсін. (Қоса беріледі).
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың | Аудандық мәслихаттың |
сессия төрайымы | хатшысы |
Г. Третьяк | Д. Молдашев |
Хромтау аудандық мәслихатының 2013 жылғы 27 наурыздағы № 98 шешімімен бекітілді |
Хромтау ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету ЕРЕЖЕСІ
Осы Ереже Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы Қаулысымен бекітілген тұрғын үй көмегін беру туралы Ережесінің 3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қазандағы "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" Қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" Қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" Қаулысына, Қазақстан Республикасының Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi Агенттiгi төрағасының 2011 жылғы 5 желтоқсандағы "Тұрғын үй көмегiн алуға, сондай-ақ мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi алуға үмiткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу Қағидасын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес әзірленген және Хромтау ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін тағайындаудың мөлшерін және тәртібін анықтайды.1. Жалпы ережелер
1. Тұрғын үй көмегі Хромтау ауданы мен Хромтау қаласының аумағында тұрақты жекешелендірілген тұрғынжайларда тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстары отбасы бюджетінің осы мақсаттарға шекті рұқсат етілетін шығындарының үлесінен асатын жағдайда ұсынылады.
Жекешелендірілген тұрғынжайларда тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстары үлесінің шегі отбасының жиынтық табысының 8 пайызы мөлшерінде белгіленеді.
Тұрғын үй көмегін телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстарға, жекешелендірілген тұрғын үй-жайларында (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Аталған жерлерде тұрақты тұратын адамдарға тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерін айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу, жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша тұрғын үй көмегі бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.
Ескерту. 1 тармаққа өзгерістер енгізілді - Ақтөбе облысы Хромтау аудандық мәслихатының 20.12.2013 № 154 (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 20.10.2014 № 210 (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) ); 31.03.2015 № 239 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.
2. Тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтыну белгіленген көлемнің нормасынан жоғары болса, төлем жалпыға бірдей негізде жүргізіледі.
3. Телефонға абоненттік төлемдер тарифтерінің жоғарылатылған өтемақысы тұрғын үй көмегін алатын әлеуметтік қорғалған, қалалық телекоммуникация байланысының абоненттері болып табылатын азаматтарға ұсынылады.
Өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй көлемінің нормасы 1 адамға 18 шаршы метр көлемінде қабылданады. Жалғыз тұратын азаматтар үшін жәрдемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй көлемінің нормасы 31 шаршы метр көлемінде қабылданады, бірақ бір бөлмелі пәтердің көлемінен кем емес болмауы керек.
Отбасының электр қуатын пайдалану үшін тұрғын үй көмегінің мөлшері бір айға 120 кВт/сағат құрайды, егер 120 кВт/сағаттан кем болса, онда нақты пайдаланған электр қуаты есепке алынады.
Коммуналдық қызметтерді есептейтін есептегіш құралдары бар тұтынушылардың әлеуметтік нормаларын есептеу кезінде есептегіштердің көрсеткіші бойынша нақты шығындар алынады, бірақ шығындар белгіленген нормативтер мен тарифтерден жоғары аспауы қажет.
Коммуналдық қызметтерді тұтынудың нормативтері (сумен қамту, газбен қамту, канализация, жылу қуаты, қоқыс) нақты пайдаланғанына қарай белгіленеді.
2. Тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу
4. Тұрғын үй жәрдемақысы өтініш берілген күнге байланысты емес ағымдағы тоқсанға толық тағайындалады, бұл тұста отбасының өткен тоқсандағы табыстары мен коммуналдық қызметтерінің шығындары есепке алынады.
5. Отбасының табыстары, тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтердің төлемдерінің тарифтері өзгерген кезде "Хромтау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі бұрын есептелген тұрғын үй көмегіне қайта есептеу жүргізеді.
6. Тұрғын үй көмегі өтініш және келесі құжаттар негізінде тағайындалады:
1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
2) тұрғын үйге құқық беретін құжаттың көшірмесі;
3) тұрақты мекен-жайы бойынша тіркелуін растайтын құжат (мекен-жайының анықтамасы немесе Хромтау қаласы мен селолық округтер әкімдерінің анықтамасы;
4) отбасының табысын растайтын құжаттар;
5) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттар;
6) коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шоттар;
7) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
8) жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот.
9) алынып тасталды - Ақтөбе облысы Хромтау аудандық мәслихатының 20.12.2013 № 154 (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Ескерту. 6 тармаққа өзгерістер енгізілді - Ақтөбе облысы Хромтау аудандық мәслихатының 20.12.2013 № 154 (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
7. Тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығындарға өтемақы алуға құқығы бар отбасылар (азаматтар) 6 тармақта көзделген құжаттардан басқа қосымша келесілерді ұсынады:
1) кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеуге арналған нысаналы жарнаның мөлшерi туралы шот;
2) жергiлiктi атқарушы органмен (тұрғын үй инспекциясымен) келiсiлген, пәтерлердiң меншiк иелерi мен жалдаушыларының (қосымша жалдаушылардың) жалпы жиналысында бекiтiлген кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеудiң жекелеген түрлерiн жүргiзуге арналған шығыстар сметасы негiзiнде кондоминиум объектiсiн басқару органы ұсынатын және мөрмен, кондоминиум объектiсiн басқару органы басшының қолымен расталған кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеуге қаражат жинақтауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшерi туралы шот.
8. Құжаттардың түпнұсқасы мен көшірмесі салыстырып тексеру үшін қоса ұсынылады, кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге сол күні қайтарылады.
9. Тоқсан сайын қайта өтініш берген кезде 6 тармақтың 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9) тармақшаларында көрсетілген құжаттар өзгерістер пайда болған жағдайда қайта ұсынылады.
10. Тұрғын үй көмегi еңбекке жарамды, бiрақ жұмыс iстемейтiн, күндiзгi бөлiмде оқымайтын, әскер қатарында қызмет етпейтін және "Хромтау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiнде жұмыссыз ретiнде тiркелмеген мүшелерi бар отбасылардан (азаматтардан) (күтiм көрсетуге мұқтаж адамдардың күтiмiн жүзеге асыратын азаматтардан басқалары) басқа аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) әр тоқсан сайын тағайындалады.
Ескерту. 10 тармаққа өзгерістер енгізілді - Ақтөбе облысы Хромтау аудандық мәслихатының 20.12.2013 № 154 (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
11. Уәкілетті органмен мемлекеттік қызметтерді ұсыну келесі жағдайларда бас тартылады, егер күрделі жөндеу жұмыстары төлемдері және (немесе) кондоминиум объектілерінен жалпы мүлікті күрделі жөндеуге жинақталатын қаражаттық жарна, коммуналдық қызметтер мен телекоммуникация желiсiне қосылған телефонға абоненттiк төлемақы ұлғаюы бөлiгiнде байланыс қызметтерi үшiн, тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының тұтыну нормалары шегiнде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтың) осы мақсаттарға жұмсаған шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейден аспаса.
12. "Хромтау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі өтініш берушіден құжаттарды қабылдап алғаннан кейін он күнтізбелік күн ішінде қарап, тұрғын үй көмегін тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім шығарады.
13. Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы немесе бас тарту туралы хабарлама "Хромтау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүгінген кезде тікелей өзі баруы немесе пошталық хабарлама арқылы жасалады.
14. Ұсынылған ақпараттың сенімділігіне күдік туындаған жағдайда "Хромтау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі тексеріс жүргізуге уәкілетті органдарға жүгінеді.
"Хромтау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңсыз немесе жоғары тұрғын үй көмегінің тағайындалуына әкеліп соқтырған әдейі жалған мәліметтер берілсе, меншік иесі (жалға алушы) заңсыз тағайындалған соманы өз еркімен қайтарады, ал бас тартқан жағдайда сот арқылы қайтарылады.
Уәкілетті орган тұрғын үй көмегін алушылардың мекен жайы бойынша тағайындалған көмек сомасын қызмет алушылардың жеке шотына аударады.
15. Уәкiлеттi орган тұрғын үй көмегiн алушының өтiнiшi бойынша тұрғын үй көмегiн төлеуді тұрғын үй көмегін алушылар, қызмет көрсетушiлер мен кондоминиум объектiлерiн басқару органдарының жеке шоттарына екінші деңгейдегі банктер арқылы ақша қаражаттарын аудару жолымен жүзеге асырады.
Телефон үшiн абоненттiк төлемақы, жергілікті аткарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалдау ақысы тарифтерінің өсуіне өтемақы төлеу алушының таңдауы бойынша, жеке шот реквизиттерiн көрсете отырып, ол таңдаған екінші деңгейдегі банктің немесе оның өтініші негiзiнде банк операцияларының тиісті түріне ҚР Ұлттық банкінің лицензиясы бар ұйымдарда жүзеге асырылады.
Ескерту. 15 тармаққа өзгерістер енгізілді - Ақтөбе облысы Хромтау аудандық мәслихатының 20.12.2013 № 154 (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
3. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу
16. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысы тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанға Қазақстан Республикасының Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері Агенттігі төрағасының 2011 жылғы 5 желтоқсандағы "Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу Қағидасын бекіту туралы" бұйрығы негізінде есептеледі.
4. Қаржыландыру көздерi
17. Тұрғын үй көмегiн төлеудi қаржыландыру жергілікті бюджет қаржысы есебiнен жүзеге асырылады.
18. Тұрғын үй көмегiн төлеуге арналған бюджеттiк қаржылардың дұрыс есептелуі мен жұмсалуын тексеру заңнамамен белгiленген тәртiпте жүргiзiледi.