Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 27 наурыздағы №98 "Хромтау ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Хромтау аудандық мәслихатының 2015 жылғы 31 наурыздағы № 239 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 16 сәуірде № 4309 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Хромтау аудандық мәслихатының 2017 жылғы 17 ақпандағы № 89 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Хромтау аудандық мәслихатының 17.02.2017 № 89 шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 270-V "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңына сәйкес, Хромтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Аудандық мәслихаттың "Хромтау ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3566 болып тіркелген, 2013 жылдың 30 сәуірінде аудандық "Хромтау" газетінде жарияланған) 2013 жылғы 27 наурыздағы № 98 шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген Хромтау ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережесінде:
      1 тармақ мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
      "1.Тұрғын үй көмегі Хромтау ауданы мен Хромтау қаласының аумағында тұрақты жекешелендірілген тұрғынжайларда тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстары отбасы бюджетінің осы мақсаттарға шекті рұқсат етілетін шығындарының үлесінен асатын жағдайда ұсынылады.";
      1 тармақтағы екінші абзацы мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
      "Жекешелендірілген тұрғынжайларда тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстары үлесінің шегі отбасының жиынтық табысының 8 пайызы мөлшерінде белгіленеді.".
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудандық мәслихаттың Аудандық мәслихат
      сессия төрағасы хатшысының міндетін
      Н.Арсений атқарушы
      Б.Ашабаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады