Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы қаулысымен бекітілген әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларына сәйкес, Хромтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған Хромтау ауданында әлеуметтік көмек көрсету және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидалары бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың | Аудандық мәслихаттың |
сессия төрағасы | хатшысы |
Н.Имандосов | Д.Молдашев |
Хромтау аудандық мәслихатының 2013 жылғы 20 желтоқсандағы № 152 шешімімен бекітілген |
Хромтау ауданында әлеуметтік көмек көрсету және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау ҚАҒИДАЛАРЫ
1. Осы әлеуметтік көмек көрсету және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидалары (бұдан әрі–Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" (әрі қарай-Үлгілік қағида) қаулысына сәйкес әзірленді және әлеуметтік көмек көрсету мен мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау тәртібін белгілейді.1. Жалпы ереже
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:1) атаулы күндер – жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;
2) арнайы комиссия - өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша аудан әкімдігінің шешімімен құрылатын комиссия;
3) ең төменгі күнкөріс деңгейі–облыстағы статистикалық орган есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;
4) мереке күндері–Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;
5) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы–отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;
6) өмірлік қиын жағдай–азаматтың тыныс тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;
7) уәкілетті орган – жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын, әлеуметтік көмек көрсетуді жүзеге асыратын ауданның халықты әлеуметтік қорғау саласындағы атқарушы орган;
8) уәкілетті ұйым–"Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы" республикалық қазыналық кәсіпорнының Хромтау аудандық филиалы;
9) учаскелік комиссия–әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия;
10) шекті шама–әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.
3. Осы Қағидалардың мақсаты үшін әлеуметтік көмек ретінде жергілікті атқарушы органдарымен мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі-алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек болып табылады.
4. "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және оларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" 1995 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20 бабында және "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16 бабында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы қағидада көзделген тәртіппен көрсетіледі.
5. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдықта 1 рет) көрсетіледі.
2. Әлеуметтік көмекті алушылардың санаттарының тізбесін айқындау тәртібі
6. Атаулы күндер мен мереке күндері әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесі:9 мамыр - Жеңіс күні мерекесіне орай:
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері;
жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген тұлғалар;
жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген тұлғалар;
жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген тұлғалардың басқа да санаттары;
1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 9 мамыры аралығында, кемінде 6 ай еңбек еткен тыл еңбеккерлері;
Мүгедектер күніне орай - мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алатын мүгедектері;
1 маусым - Балаларды қорғау күні мерекесіне, 18 жасқа дейінгі балаларға атаулы әлеуметтік көмек алатын аз қамтылған азаматтар (отбасылар);
онкологиялық аурулары бар, ҚТВ инфекциясын жұқтырғандар және туберкулездің әртүрлі түрлерімен ауыратын азаматтар;
Азаматтардың кейбір санаттары біржолғы әлеуметтік көмектің бірнеше түріне құқылы болған жағдайда, біржолғы әлеуметтік көмектің тек бір түрі (мөлшері бойынша ең жоғары) көрсетіледі.
7. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алушылардың тізбесі:
1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері;
2) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген тұлғалар;
3) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген тұлғалар;
4) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген тұлғалардың басқа да санаттары;
5) зейнеткерлік жасқа жеткен тұлғалар;
6) мүгедектер және 18 жасқа дейінгі мүгедек баланы тәрбиелеп отырған тұлғалар;
7) саяси қуғын-сүргін құрбандары, саяси қуғын-сүргіндерден зардап шеккен тұлғалар;
8) көп балалы отбасылар, көп балалы аналар;
9) жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, балалар үйінің түлектері;
0) аз қамтылған отбасылар (азаматтар);
11) онкологиялық аурулары бар, ҚТВ инфекциясын жұқтырғандар және туберкулездің әртүрлі түрлерімен ауыратын азаматтар.
Аталған тұлғаларға, егер олар мемлекет тарапынан толық қамтамасыз етілмеген болса, әлеуметтік көмек көрсетіледі.
Азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаж азаматтардың санаттарының қатарына жатқызу үшін негіз бола алады:
1) Қазақстан Республикасының заңнамаларында қарастырылған негіздер;
2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) немесе олардың мүлкіне зиян келтіру не әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы;
3) Хромтау аудандық мәслихаты ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста белгілейтін шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы негіздеме болып табылады.
Арнайы комиссиялар әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарған кезде жергілікті өкілді органдар бекіткен азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіздемелер тізбесін басшылыққа алады.
8. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмекке өтініш білдіру мерзімдері:
әлеуметтік көмек арыз бойынша көрсетіледі, егер де өтініш тиісті өмірлік қиын жағдай туындаған сәттен бастап алты айдан кешіктірілмей берілген жағдайда.
9. Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшері облыс әкімдігінің келісімі бойынша бірыңғай мөлшерде белгіленеді.
10. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.
3. Әлеуметтік көмекті көрсету тәртібі
11. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның не "Хромтау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ұсынымы бойынша аудан әкімдігі бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.12. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға – "Хромтау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі "Хромтау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ) немесе аудандық маңызы бар қала, ауыл, ауылдық округтің әкіміне өтінішке қоса мынадай құжаттарды:
1) жеке басын куәландыратын құжаты;
2) тұрғылықты жерде тіркелгендігін растайтын құжат;
3) Үлгілік қағиданың № 1 қосымшасына сәйкес адамның (отбасының) құрамы туралы мәліметтерді;
4) адамның (отбасы мүшелерінің) табысы туралы мәліметтерді;
5) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын актіні және/немесе құжаттарды ұсынады.
13. Құжаттардың салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары және көшірмелері ұсынылады, кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
14. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш түскен кезде "Хромтау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ немесе аудандық маңызы бар қала, ауыл, ауылдық округтің әкімі бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жібереді.
15. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіні тексеруді жүргізеді, оның нәтижелері бойынша Үлгілік қағиданың 2, 3 қосымшаларына сәйкес адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акт жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды "Хромтау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ немесе аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, ауылдық округтің әкіміне жібереді.
Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, ауылдық округтің әкімі учаскелік комиссияның актісі мен қорытындысын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды қоса берілген құжаттармен "Хромтау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ жібереді.
16. Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жетіспеген жағдайда, "Хромтау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ әлеуметтік көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшін қажетті мәліметтерді тиісті органдардан сұратады.
17. Өтініш берушінің қажетті құжаттарды олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкіндігі болмаған жағдайда "Хромтау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ тиісті мәліметтерді қамтитын өзге уәкілетті органдар мен ұйымдардың деректері негізінде әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдайды.
18. "Хромтау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ учаскелік комиссиядан немесе аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, ауылдық округтің әкімінен құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарауына ұсынады.
19. Арнайы комиссия құжаттар келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күн ішінде әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсетеді.
20. "Хромтау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ өтініш берушінің әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттарын тіркеген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындысының негізінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Осы Қағидалардың 16 және 17 тармақтарында көрсетілген жағдайларда "Хромтау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ өтініш берушіден немесе аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, ауылдық округтің әкімінен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
21. "Хромтау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы (бас тартқан жағдайда - негіздемесін көрсете отырып) жазбаша хабардар етеді.
22. Белгіленген негіздемелердің біреуі бойынша әлеуметтік көмек күнтізбелік бір жыл ішінде қайта көрсетілмейді.
23. Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту:
1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;
2) өтініш беруші адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден бас тартқан, жалтарған;
3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін жергілікті өкілді органдар белгілеген шектен артқан жағдайларда жүзеге асырылады.
24. Әлеуметтік көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру ауданның бюджетінде (облыстық маңызы бар қаланың) көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.
4. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздемелер
25. Әлеуметтік көмек:1) алушы қайтыс болған;
2) алушы тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінен тыс тұрақты тұруға кеткен;
3) алушыны мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберген;
4) алушы ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады.
Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдаяттар туындаған айдан бастап тоқтатылады.
26. Артық төленген сомалар ерікті түрде немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіппен қайтаруға жатады.