1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Хромтау аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім қабылдаған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың | Аудандық мәслихаттың |
сессия төрағасы | хатшысы |
Р.Исаев | Д.Молдашев |
Хромтау аудандық мәслихатының | |
2016 жылғы "18" ақпандағы | |
№321 шешіміне қосымша |
Хромтау аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылған актілерінің тізбесі:
1. Хромтау аудандық мәслихатының 2013 жылғы 20 желтоқсандағы № 152 "Хромтау ауданында әлеуметтік көмек көрсету және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3758 тіркелген, 2014 жылдың 30 қаңтарында аудандық "Хромтау" газетінде жарияланған) шешімі;2. Хромтау аудандық мәслихатының 2013 жылғы 20 желтоқсандағы № 153 "Табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кезде көрсетілетін әлеуметтік көмектің шекті мөлшерін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3759 тіркелген, 2014 жылдың 30 қаңтарында аудандық "Хромтау" газетінде жарияланған) шешімі;
3. Хромтау аудандық мәслихатының 2014 жылғы 24 ақпандағы № 162 "Атаулы күндер мен мерекелік күндерге біржолғы әлеуметтік көмектің мөлшерін белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3822 тіркелген, 2014 жылдың 18 наурызында аудандық "Хромтау" газетінде жарияланған) шешімі;
4. Хромтау аудандық мәслихатының 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 309 "Хромтау ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" шешімі;
5. Хромтау аудандық мәслихатының 2015 жылғы 2 қыркүйектегі № 282 "Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4522 тіркелген, 2015 жылдың 24 қыркүйегінде аудандық "Хромтау" газетінде жарияланған) шешімі.