Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Шалқар аудандық әкімдігінің 28.12.2013 № 308 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 1-тармағының 19) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының 6-бабы 4-тармағының 8-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 28 мамырдағы «Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Шалқар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2013 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері осы қаулының 1, 2, 3 қосымшаларына сәйкес бекітілсін.
2. Шалқар қаласы мен ауылдық округінің әкімдері осы қаулыдан туындайтын тиісті шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Д. Қарашолақоваға жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі.
Аудан әкімінің міндетін
уақытша атқарушы С. Көпенов
Шалқар ауданы әкімдігінің 2013
жылғы 22 тамыздағы № 190
қаулысына 1-қосымша
2013 жылғы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға
мемлекеттік білім беру тапсырысы
№ |
Аудан атауы |
Мемлекеттік білім беру тапсырысы |
1 |
Шалқар ауданы |
140 |
Жиыны |
140 |
Шалқар ауданы әкімдігінің 2013
жылғы 22 тамыздағы № 190
қаулысына 2-қосымша
2013 жылы бір айдағы жан басына шаққандағы қаржыландыру
көлемі
Бір |
Мектепке дейінгі ұйымдар |
|||||
Балабақшалар |
Шағын орталықтар |
|||||
Балалар жарты |
Балалар толық |
|||||
Экологиялық апат аумақтарында тұрғаны үшін |
||||||
Қалалық |
Ауылдық |
Қалалық |
Ауылдық |
Қалалық |
Ауылдық |
|
28237 |
33035 |
7708 |
9457 |
16116 |
19474 |
Шалқар ауданы әкімдігінің 2013
жылғы 22 тамыздағы № 190
қаулысына 3-қосымша
2013 жылы 1 тәрбиеленушіге күніне ата–ананың ақы төлеу
мөлшері
Мектепке |
Мектепке дейінгі ұйымдар |
||
Балабақша |
Балалар толық |
||
Ұйымдарда болу ұзақтығымен |
|||
9-10, 5 сағат |
12 сағат |
||
300 |
350 |
300 |
Ескертпе: 1 тәрбиеленушіге бір күнге ата-ананың ақы төлеу мөлшері 350 теңгеден артық емес.