Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімдігінің 18.12.2014 № 38-1362 қаулысымен.
РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 18) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-бабы 2-тармағының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 21-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы N 2331 "Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру ережесін бекіту туралы" қаулысын және Алматы облысы әкімдігінің 2013 жылғы 26 наурыздағы N 97 "Алматы облысының аумағында ауыл шаруашылығы жануарларына бірдейлендіру іс-шараларын жүргізу жоспарын бекіту туралы" қаулысын жүзеге асыру үшін, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Талдықорған қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 22 тамыздағы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2012 жылғы 27 қыркүйекте N 2133 тіркелген және "Талдықорған" газетінің 2012 жылғы 04 қазанда N 40 жарияланған) "Талдықорған қаласы бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу туралы" N 25–859 қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
аталған қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын;
аталған қаулының 2 тармағында:
"Рауан Тұрданғазыұлы Рақымбеков" сөздері "Асқар Ханұлы Нұрбаев" сөздерімен ауыстырылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Талғат Қанатұлы Қайнарбековке жүктелсін.
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі Е. Алпысов
КЕЛІСІЛДІ:
"Талдықорған қаласының
ветеринария бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
басшысы Нұртас Тынышбайұлы Қиялбеков
04 маусым 2013 жыл
Талдықорған қаласы әкімдігінің
2013 жылғы 04 маусымдағы
"Талдықорған қаласы әкімдігінің
2012 жылғы 22 тамыздағы
"Талдықорған қаласы бойынша
ауыл шаруашылығы жануарларын
бірдейлендіру жұмыстарын
ұйымдастыру және өткізу туралы"
N 25–859 қаулысына өзгерістер
енгізу туралы" N 25-895 қаулысына
қосымша
Р/с N |
Қала, селолық округтердің атауы |
Бірдейлендіруге жататын ауыл шаруашылығы жануарларының нақты саны (бас) |
Ветеринариялық төлқұжатты рәсімдеумен ауыл шаруашылығы жануарларын сырғалау |
||||
түйе |
жылқы |
ұсақ мал |
шошқа |
басталу мерзімі |
аяқталу мерзімі |
||
1 |
Талдықорған қаласы |
- |
189 |
5000 |
1500 |
30.07.2013 |
31.12.2013 |
2 |
Өтенай селолық округі |
20 |
699 |
8500 |
561 |
30.07.2013 |
31.12.2013 |
3 |
Еркін селолық округі |
- |
1154 |
8500 |
795 |
30.07.2013 |
31.12.2013 |
Барлығы |
20 |
2042 |
22000 |
2856 |
30.07.2013 |
31.12.2013 |
кестенің жалғасы
Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру нәтижесін жөнінде дерекқорға енгізу |
Бірдейлендіруді жүргізу бойынша қызмет көрсететін заңды тұлғаның атауы |
Жергілікті атқарушы органдардың жауапты орындаушылары |
|
басталу мерзімі |
аяқталу мерзімі |
||
30.07.2013 |
31.12.2013 |
Ветеринариялық пункттері бар "Талдықорған қаласының ветеринариялық станциясы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны |
"Талдықорған қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бас маманы |
30.07.2013 |
31.12.2013 |
Өтенай селолық округінің ветеринариялық дәрігері |
|
30.07.2013 |
31.12.2013 |
Еркін селолық округінің ветеринариялық дәрігері |
|
30.07.2013 |
31.12.2013 |