Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімдігінің 18.12.2014 № 38-1362 қаулысымен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасы "Ветеринария туралы" Заңының 10-бабы 2-тармағының 14) тармақшасына сәйкес және Алматы облысы әкімдігінің 2012 жылғы 16 ақпандағы "Алматы облысы аумағында ауыл шаруашылығы жануарларына (түйе, жылқы, ұсақ мал, шошқа) бірдейлендіру іс-шараларын жүргізу жоспарын бекіту туралы" N 29 қаулысын жүзеге асыру үшін қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Талдықорған қаласы бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жұмыстары қосымшаға сәйкес ұйымдастырылып өткізілсін.
2. "Талдықорған қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Нұртас Тынышбайұлы Қиялбеков), Еркін және Өтенай ауылдық округ әкімдері (Нұрлан Сейтжапарұлы Сыдыбаев, Асқар Ханұлы Нұрбаев) аумақтардағы ауыл шаруашылығы жануарларына (түйе, жылқы, ұсақ мал, шошқа) бірдейлендіру жұмыстарының жүргізілуін қамтамасыз етсін.
Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді - Алматы облысы Талдықорған қалалық әкімдігінің 04.06.2013 N 10-472 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Талғат Қанатұлы Қайнарбековке жүктелсін.
4. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2012 жылдың 16 сәуірінен бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.
Қала әкімі Е. Алпысов
КЕЛІСІЛДІ:
"Талдықорған қаласының
ветеринария бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы Нұртас Тынышбайұлы Қиялбеков
22 тамыз 2012 жыл
Талдықорған қаласының Еркін
ауылдық округінің әкімі Нұрлан Сейітжапарұлы Сыдыбаев
22 тамыз 2012 жыл
Талдықорған қаласының Өтенай
ауылдық округінің әкімі Рауан Турдангазыевич Ракымбеков
22 тамыз 2012 жыл
Талдықорған қаласы әкімдігінің
2012 жылғы 22 тамыздағы
"Талдықорған қаласы бойынша
ауыл шаруашылығы жануарларын
бірдейлендіру жұмыстарын
ұйымдастыру және өткізу
туралы" N 25-859 қаулысына
қосымша
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Алматы облысы Талдықорған қалалық әкімдігінің 04.06.2013 N 10-472 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Р/с N |
Қала, селолық округтердің атауы |
Бірдейлендіруге жататын ауыл шаруашылығы жануарларының нақты саны (бас) |
Ветеринариялық төлқұжатты рәсімдеумен ауыл шаруашылығы жануарларын сырғалау |
||||
түйе |
жылқы |
ұсақ мал |
шошқа |
басталу мерзімі |
аяқталу мерзімі |
||
1 |
Талдықорған қаласы |
- |
189 |
5000 |
1500 |
30.07.2013 |
31.12.2013 |
2 |
Өтенай селолық округі |
20 |
699 |
8500 |
561 |
30.07.2013 |
31.12.2013 |
3 |
Еркін селолық округі |
- |
1154 |
8500 |
795 |
30.07.2013 |
31.12.2013 |
Барлығы |
20 |
2042 |
22000 |
2856 |
30.07.2013 |
31.12.2013 |
кестенің жалғасы
Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру нәтижесін жөнінде дерекқорға енгізу |
Бірдейлендіруді жүргізу бойынша қызмет көрсететін заңды тұлғаның атауы |
Жергілікті атқарушы органдардың жауапты орындаушылары |
|
басталу мерзімі |
аяқталу мерзімі |
||
30.07.2013 |
31.12.2013 |
Ветеринариялық пункттері бар "Талдықорған қаласының ветеринариялық станциясы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны |
"Талдықорған қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бас маманы |
30.07.2013 |
31.12.2013 |
Өтенай селолық округінің ветеринариялық дәрігері |
|
30.07.2013 |
31.12.2013 |
Еркін селолық округінің ветеринариялық дәрігері |
|
30.07.2013 |
31.12.2013 |