Ескерту. Күші жойылды – Алматы облысы Ақсу ауданы Ойтоған ауылдық округі әкімінің 13.09.2013 № 2 шешімімен.
РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқасының пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына және Ақсу ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық–санитариялық инспекторының 2013 жылғы 11 сәуірдегі N 87 ұсынысы негізінде округ әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Ойтоған ауылдық округінің Ойтоған ауылында ұсақ мүйізді малдар арасынан сарып ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары енгізіле отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимі белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Округ әкімінің | |
міндетін атқарушы | С. Сакмолдин |
КЕЛІСІЛДІ: | |
Қазақстан Республикасының | |
Ауыл шаруашылығы Министрлігінің | |
ветеринарлық бақылау және | |
қадағалау комитетінің Ақсу | |
аудандық аумақтық инспекциясы | |
мемлекеттік мекемесінің | |
басшысы | Келгенбаев Мұрат Даулыбайұлы |
"Ақсу ауданы бойынша | |
мемлекеттік санитарлық | |
эпидемиологиялық қадағалау | |
басқармасы" мемлекеттік | |
мекемесінің басшысы | Темирханов Берік Елемесұлы |