Шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Ақсу ауданы Ойтоған ауылдық округі әкімінің 2013 жылғы 19 сәуірдегі N 1 шешімі. Алматы облысының әділет департаментімен 2013 жылы 13 мамырда N 2350 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Ақсу ауданы Ойтоған ауылдық округі әкімінің 2013 жылғы 13 қыркүйектегі № 2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Алматы облысы Ақсу ауданы Ойтоған ауылдық округі әкімінің 13.09.2013 № 2 шешімімен.
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқасының пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына және Ақсу ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық–санитариялық инспекторының 2013 жылғы 11 сәуірдегі N 87 ұсынысы негізінде округ әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      1. Ойтоған ауылдық округінің Ойтоған ауылында ұсақ мүйізді малдар арасынан сарып ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары енгізіле отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимі белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Округ әкімінің
      міндетін атқарушы С. Сакмолдин
      КЕЛІСІЛДІ:
      Қазақстан Республикасының
      Ауыл шаруашылығы Министрлігінің
      ветеринарлық бақылау және
      қадағалау комитетінің Ақсу
      аудандық аумақтық инспекциясы
      мемлекеттік мекемесінің
      басшысы Келгенбаев Мұрат Даулыбайұлы
      "Ақсу ауданы бойынша
      мемлекеттік санитарлық
      эпидемиологиялық қадағалау
      басқармасы" мемлекеттік
      мекемесінің басшысы Темирханов Берік Елемесұлы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады