Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Іле ауданы әкімдігінің 24.11.2020 № 496 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі "Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы" Заңының 3-бабының 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 тамыздағы N 1243 "Қылмыстың алдын алуға және жолын кесуге жәрдемдескен, қоғамдық тәртіпті қорғауға қатысатын азаматтарды көтермелеу ережесін бекіту туралы" Қаулысы негізінде, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Іле ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі және оларға ақшалай сыйақының мөлшері қосымшаға сәйкес айқындалсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ерболат Сапарұлы Тұрымбетовке жүктелсін.
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Б. Абдулдаев |
КЕЛІСІЛДІ: | |
"Іле аудандық ішкі | |
істер басқармасы" | |
мемлекеттік мекемесінің | |
бастығы | Талғат Бақытжанұлы Беркінбаев |
02 шілде 2013 жыл
Іле ауданындағы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын
азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі және оларға
ақшалай сыйақының мөлшері
Көтермелеудің түрлері
1. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері:
1) алғыс жариялау;
2) граммотамен марапаттау;
3) ақшалай сыйлықақы беру.
Көтермелеудің тәртібі
2. Қылмыстың алдын алуға және жолын кесуге жәрдемдескен, қоғамдық тәртіпті қорғауға қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерін Іле ауданы әкімдігімен құрылған комиссия қарайды.
3. Қылмыстың алдын алуға және жолын кесуге, қоғамдық тәртіпті қорғауға, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге белсенді қатысатын азаматтарды ақшалай сыйақымен көтермелеу жөніндегі ұсыныстарды комиссияның қарауына Іле аудандық ішкі істер бөлімі ұсынады.
4. Комиссия қабылдаған шешім - көтермелеу үшін, ал комиссия қабылдаған шешімге сәйкес аудандық ішкі істер бөлім бастығының бұйрығы - көтермелеуге ақы төлеу үшін негіз болып табылады.
Ақшалай сыйақының мөлшері
5. Ақшалай сыйақының мөлшерін комиссия қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге көтермеленетін адамның қосқан үлесін және ол немесе оның қатысуымен жолы кесілген құқыққа қарсы әрекеттің нәтижесінде көтерілуі залалдың көлемін ескере отырып белгілейді және ол, әдетте, 10 есе айлық есептік көрсеткіштен аспайды.