Іле ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 2 шілдедегі № 6-1111 "Іле ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін және оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы" қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Алматы облысы Іле ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 24 қарашадағы № 496 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаментінде 2020 жылы 26 қарашада № 5766 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27- бабына сәйкес, Іле ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Іле ауданы әкімдігінің "Іле ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін және оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы" 2013 жылғы 2 шілдедегі № 6-1111 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2421 тіркелген, 2013 жылдың 13 қыркүйегінде "Іле таңы" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Іле ауданы әкімінің орынбасары С.Б. Ибраевқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекетті тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Б. Карасаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады