Сарқан ауданында қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Алматы облысы Сарқан ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 16 сәуірдегі N 213 қаулысы. Алматы облысының әділет департаментімен 2013 жылы 13 мамырда N 2354 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Сарқан аудандық әкімдігінің 2016 жылғы 03 тамыздағы № 294 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Сарқан аудандық әкімдігінің 03.08.2016 № 294 қаулысымен.
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқасының пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабының 5-5) тармақшасына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Меншік құқығына қарамастан, Сарқан ауданының ұйымдары мен мекемелерінде, қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының жалпы санының үш процент мөлшерінде квота белгіленсін.

      2. Сарқан ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 27 наурыздағы "Сарқан ауданында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" N 128 қаулысының (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2012 жылдың 12 сәуірінде 2-17-112 нөмірімен тіркелген, 2012 жылдың 28 сәуірдегі Сарқан аудандық "Сарқан" газетінің 17-18 нөмірінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Ғалымжан Қанатұлы Маманбаевқа жүктелсiн.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Т. Чарапиев

Об установлении квоты рабочих мест для лиц, состоящих на учете службы пробации уголовно-исполнительной инспекции, а также лиц, освобожденных из мест лишения свободы в Сарканском районе

Постановление акимата Сарканского района Алматинской области от 16 апреля 2013 года N 213. Зарегистрировано Департаментом юстиции Алматинской области 13 мая 2013 года N 2354. Утратило силу постановлением акимата Сарканского района Алматинской области от 03 августа 2016 года № 294

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Сарканского района Алматинской области от 03.08.2016 № 294.
      Примечание РЦПИ:
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии с подпунктом 13) пункта 1 статьи 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктом 5-5) статьи 7 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О занятости населения", акимат района ПОСТАНОВИЛ:

      1. Установить квоту рабочих мест для лиц, состоящих на учете службы пробации уголовно-исполнительной инспекции, а также лиц, освобожденных из мест лишения свободы, в организациях и предприятиях Сарканского района независимо от формы собственности, в размере три процента от общей численности рабочих мест.

      2. Признать утратившим силу постановление акимата Сарканского района от 27 марта 2012 года N 128 "Об установлении квоты рабочих мест для лиц, освобожденных из мест лишения свободы в Сарканском районе" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов 12 апреля 2012 года N 2-17-112, опубликовано в районной газете "Саркан" 28 апреля 2012 года N 17-18).

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района Маманбаева Галымжана Канатовича.

      4. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким района Т. Чарапиев