Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Сарқан аудандық әкімдігінің 03.08.2016 № 294 қаулысымен.
РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқасының пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабының 5-5) тармақшасына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Меншік құқығына қарамастан, Сарқан ауданының ұйымдары мен мекемелерінде, қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының жалпы санының үш процент мөлшерінде квота белгіленсін.
2. Сарқан ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 27 наурыздағы "Сарқан ауданында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" N 128 қаулысының (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2012 жылдың 12 сәуірінде 2-17-112 нөмірімен тіркелген, 2012 жылдың 28 сәуірдегі Сарқан аудандық "Сарқан" газетінің 17-18 нөмірінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Ғалымжан Қанатұлы Маманбаевқа жүктелсiн.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Т. Чарапиев |