Сарқан ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күшін жою туралы

Жаңа

Алматы облысы Сарқан ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 3 тамыздағы № 294 қаулысы

      2001жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31 және 37-баптарына, 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Сарқан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Сарқан ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылсын.

      2. "Сарқан аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы Тертюбаев Оралбек Шабденовичке заңмен белгіленген тәртіпте:

      1) Осы қаулының көшірмесін Алматы облысының әділет департаментіне жіберілуі;

      2) Осы қаулының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануы және аудан әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Маманбаев Ғалымжан Қанатовичке жүктелсін.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Аудан әкімі Е.Қошанбеков

  Аудан әкімдігінің 2016 жылғы "03" тамыздағы № 294 қаулысына қосымша

Сарқан ауданы әкімдігінің күші жойылған қаулылары:

      1. Сарқан ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 16 сәуірдегі "Сарқан ауданында Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" № 213 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2013 жылғы 13 мамырдағы № 2354 тіркелген);

      2. Сарқан ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 27 наурыздағы "Сарқан ауданында интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" № 176 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2012 жылдың 18 сәуірінде 2-17-116 нөмірімен тіркелген);

      3. Сарқан ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 27 наурыздағы "Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" № 127 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2012 жылдың 18 сәуірінде 2-17-117 нөмірімен тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады