Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 21-бабы, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 14-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабының 5-5) тармақшасына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Талғар ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 24 сәуірдегі "Талғар ауданында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" N 04-388 қаулысына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімде 2012 жылдың 28 мамырында N 2-18-147 болып тіркелген, аудандық "Талғар" газетінде 2012 жылдың 9 маусымында 23 нөмірінде жарияланған ) келесі өзгерістер енгізілсін:
аталған қаулының атауы жаңа редакцияда баяндалсын:
"Талғар ауданы бойынша қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы"
аталған қаулының 1-тармағы келесі редакцияда баяндалсын:
"1. Меншік түріне қарамастан Талғар ауданының ұйымдары мен мекемелерінде қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай- ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының жалпы санының үш пайызы мөлшерінде квота белгіленсін."
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Дәрменияр Алғатбекұлы Қыдырбек-ұлына жүктелсін.
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Р. Садыкова |