Талғар ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 24 сәуірдегі "Талғар ауданында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" N 04-388 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қатені түзеу

Алматы облысы Талғар аудандық әкімдігінің 2013 жылғы 16 сәуірдегі N 04-199 қаулысы. Алматы облысының әділет департаментімен 2013 жылы 20 мамырда N 2359 болып тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 21-бабы, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 14-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабының 5-5) тармақшасына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Талғар ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 24 сәуірдегі "Талғар ауданында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" N 04-388 қаулысына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімде 2012 жылдың 28 мамырында N 2-18-147 болып тіркелген, аудандық "Талғар" газетінде 2012 жылдың 9 маусымында 23 нөмірінде жарияланған ) келесі өзгерістер енгізілсін:
      аталған қаулының атауы жаңа редакцияда баяндалсын:
      "Талғар ауданы бойынша қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы"
      аталған қаулының 1-тармағы келесі редакцияда баяндалсын:
      "1. Меншік түріне қарамастан Талғар ауданының ұйымдары мен мекемелерінде қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай- ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының жалпы санының үш пайызы мөлшерінде квота белгіленсін."
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Дәрменияр Алғатбекұлы Қыдырбек-ұлына жүктелсін.
      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Аудан әкімі
Р. Садыкова

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады