РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
«Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11 бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6, 27 баптарына сәйкес, Мойынқұм ауданының өкiлдi және атқарушы органдарының пiкiрiн ескере отырып, Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Жамбыл облысының Мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Мойынқұм ауданының Хантау кенті, Жиделі станциясы, Қияқты станциясы, Шығанақ кенті, Ақсүйек кенті, Ақбақай кенті және Мирный кенті сәйкесінше Хантау ауылы, Жиделі ауылы, Қияқты ауылы, Шығанақ ауылы, Ақсүйек ауылы, Ақбақай ауылы, Мирный ауылы болып қайта құрылсын.
2. Мойынқұм ауданының Хантау кенттік округі, Шығанақ кенттік округі сәйкесінше Хантау ауылдық округі, Шығанақ ауылдық округі болып қайта құрылсын.
3. Мойынқұм ауданының Мирный, Ақбақай және Ақсүйек кенттік округтері таратылсын.
4. Осы нормативтік құқықтық актінің орындалуын бақылау облыстық Мәслихаттың аймақты, әкімшілік-аумақтық құрылымды, ауыл шаруашылығын дамыту мәселелері және жер учаскесін сатып алу туралы шарттар жобаларын қарау жөніндегі тұрақты комиссиясына және облыс әкімінің орынбасары Мұратбай Сматайұлы Жолдасбаевқа жүктелсін.
5. Осы нормативтік құқықтық акт әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі Қ. Бозымбаев
Облыстық Мәслихаттың хатшысы Б. Қарашолақов
Облыстық Мәслихаттың
сессиясының төрағасы Е. Досымбаев