Мойынқұм ауданының жекелеген кенттерін, кенттік округтерін қайта құру және кенттік округтерін тарату туралы

Жаңа

Жамбыл облысы әкімдігінің 2013 жылғы 27 маусымдағы № 178 қаулысы және Жамбыл облысының мәслихатының 2013 жылғы 27 маусымдағы № 14-13 шешімі. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 3 шілдеде № 1964 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11 бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 627 баптарына сәйкес, Мойынқұм ауданының өкiлдi және атқарушы органдарының пiкiрiн ескере отырып, Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Жамбыл облысының Мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Мойынқұм ауданының Хантау кенті, Жиделі станциясы, Қияқты станциясы, Шығанақ кенті, Ақсүйек кенті, Ақбақай кенті және Мирный кенті сәйкесінше Хантау ауылы, Жиделі ауылы, Қияқты ауылы, Шығанақ ауылы, Ақсүйек ауылы, Ақбақай ауылы, Мирный ауылы болып қайта құрылсын.
      2. Мойынқұм ауданының Хантау кенттік округі, Шығанақ кенттік округі сәйкесінше Хантау ауылдық округі, Шығанақ ауылдық округі болып қайта құрылсын.
      3. Мойынқұм ауданының Мирный, Ақбақай және Ақсүйек кенттік округтері таратылсын.
      4. Осы нормативтік құқықтық актінің орындалуын бақылау облыстық Мәслихаттың аймақты, әкімшілік-аумақтық құрылымды, ауыл шаруашылығын дамыту мәселелері және жер учаскесін сатып алу туралы шарттар жобаларын қарау жөніндегі тұрақты комиссиясына және облыс әкімінің орынбасары Мұратбай Сматайұлы Жолдасбаевқа жүктелсін.
      5. Осы нормативтік құқықтық акт әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.
      
      Облыс әкімі                                Қ. Бозымбаев

      Облыстық Мәслихаттың хатшысы               Б. Қарашолақов

      Облыстық Мәслихаттың
      сессиясының төрағасы                       Е. Досымбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады