Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 50-бабының 5-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына және 27-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қарағанды облысының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қарағанды облысындағы жергілікті жағдайларға және көрсетілген жерді пайдалану ерекшеліктеріне байланысты меншікке немесе жер пайдалануға берілетін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің ең аз мөлшері қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Қарағанды облысы әкімдігінің 2012 жылғы 23 тамыздағы "Жергілікті жағдайларға және көрсетілген жерді пайдалану ерекшеліктеріне байланысты меншікке немесе жер пайдалануға берілетін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің ең аз мөлшерін белгілеу туралы" N 40/04 қаулысы жойылсын.
3. Осы бірлескен Қарағанды облысы әкімдігі қаулысының және Қарағанды облыстық мәслихаты шешімінің орындалуын бақылау ауыл шаруашылығын дамыту, жер қатынастары, табиғатты пайдалану мәселелерін үйлестіретін облыс әкімінің орынбасарына және облыстық мәслихаттың өнеркәсіп, шағын және орта бизнесті дамыту, аграрлық мәселелер және экология жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
4. Осы Қарағанды облысы әкімдігі және Қарағанды облыстық мәслихатының бірлескен қаулысы мен шешімі алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарағанды облысының әкімі | Б. Әбдішев |
Қарағанды облыстық мәслихатының | |
сессия төрағасы | Г. Бижанова |
Қарағанды облыстық | |
мәслихатының хатшысы | Б. Жұмабеков |
Қарағанды облысы әкімдігінің 2013 жылғы 12 наурыздағы № 14/05 және Қарағанды облыстық мәслихатының 2013 жылғы 28 наурыздағы XIII сессиясының №141 бірлескен каулысы мен шешіміне қосымша |
Жергілікті жағдайларға және көрсетілген жерді пайдалану ерекшеліктеріне байланысты меншікке немесе жер пайдалануға берілетін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің ең аз мөлшері
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қарағанды облысының әкімдігінің 20.06.2024 № 39/01 бірлескен қаулысымен және Қарағанды облыстық мәслихатының 20.06.2024 № 182 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
№ | Аудандар мен қалалардың атаулары | Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің ең аз мөлшері мынадай құқықтарда болуы мүмкін | |||
жеке меншік немесе уақытша жер пайдалану | |||||
шаруа (фермер) қожалығын жүргізу үшін Қазақстан Республикасының азаматтарында (гектар) | ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғаларда және оның үлестес тұлғаларында (гектар) | ||||
барлығы | соның ішінде суармалы | барлығы | соның ішінде суармалы | ||
1 | Абай ауданы | 5 | 1 | 5 | 1 |
2 | Ақтоғай ауданы | 10 | 2 | 10 | 2 |
3 | Бұқар жырау ауданы | 5 | 1 | 5 | 1 |
4 | Қарқаралы ауданы | 28 | 3 | 28 | 3 |
5 | Нұра ауданы | 5 | 1 | 5 | 1 |
6 | Осакаров ауданы | 5 | 1 | 5 | 1 |
7 | Шет ауданы | 3 | 0,2 | 3 | 0,2 |
8 | Балқаш қаласы | 5 | 1 | 5 | 1 |
9 | Қарағанды қаласы | 2 | 0,5 | 2 | 0,5 |
10 | Приозерск қаласы | 3 | 3 | ||
11 | Саран қаласы | 5 | 5 | ||
12 | Теміртау қаласы | 15 | 1 | 15 | 1 |
13 | Шахтинск қаласы | 60 | 60 |