"Қарағанды облысындағы жергілікті жағдайларға және көрсетілген жерді пайдалану ерекшеліктеріне байланысты меншікке немесе жер пайдалануға берілетін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің ең аз мөлшерін белгілеу туралы" Қарағанды облысы әкімдігінің 2013 жылғы 12 наурыздағы № 14/05 және Қарағанды облыстық мәслихатының 2013 жылғы 28 наурыздағы № 141 бірлескен қаулысы және шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қарағанды облысының әкімдігінің 2024 жылғы 20 маусымдағы № 39/01 бірлескен қаулысы және Қарағанды облыстық мәслихатының 2024 жылғы 20 маусымдағы № 182 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 24 маусымда № 6614-09 болып тіркелді

      Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қарағанды облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Қарағанды облысындағы жергілікті жағдайларға және көрсетілген жерді пайдалану ерекшеліктеріне байланысты меншікке немесе жер пайдалануға берілетін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің ең аз мөлшерін белгілеу туралы" Қарағанды облысы әкімдігінің 2013 жылғы 12 наурыздағы №14/05 және Қарағанды облыстық мәслихатының 2013 жылғы 28 наурыздағы №141 бірлескен қаулысы және шешіміне (Нормативтік құқықтық кесімдерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2317 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бірлескен қаулы және шешімнің қосымшасы осы бірлескен қаулы және шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы бірлескен қаулы және шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарағанды облысының әкімі Е. Булекпаев
      Облыстық мәслихат төрағасы Н. Кобжанов

  Қарағанды облысы
әкімдігінің
2024 жылғы 20 маусымдағы
№ 39/01 мен
Қарағанды облыстық
мәслихатының
2024 жылғы 20 маусымдағы
№ 182
бірлескен қаулы мен шешімге қосымша
  Қарағанды облысы әкімдігінің 2013
жылғы 12 наурыздағы № 14/05 және
Қарағанды облыстық мәслихатының
2013 жылғы 28 наурыздағы XIII
сессиясының №141 бірлескен каулысы
мен шешіміне қосымша

Жергілікті жағдайларға және көрсетілген жерді пайдалану ерекшеліктеріне байланысты меншікке немесе жер пайдалануға берілетін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің ең аз мөлшері

Аудандар мен қалалардың атаулары

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің ең аз мөлшері мынадай құқықтарда болуы мүмкін

жеке меншік немесе уақытша жер пайдалану

шаруа (фермер) қожалығын жүргізу үшін Қазақстан Республикасының азаматтарында (гектар)

ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғаларда және оның үлестес тұлғаларында (гектар)

барлығы

соның ішінде суармалы

барлығы

соның ішінде суармалы

1

Абай ауданы

5

1

5

1

2

Ақтоғай ауданы

10

2

10

2

3

Бұқар жырау ауданы

5

1

5

1

4

Қарқаралы ауданы

28

3

28

3

5

Нұра ауданы

5

1

5

1

6

Осакаров ауданы

5

1

5

1

7

Шет ауданы

3

0,2

3

0,2

8

Балқаш қаласы

5

1

5

1

9

Қарағанды қаласы

2

0,5

2

0,5

10

Приозерск қаласы

3


3


11

Саран қаласы

5


5


12

Теміртау қаласы

15

1

15

1

13

Шахтинск қаласы

60


60



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады