Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 26.04.2021 № 4/31 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" N 2314 Қаулысына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШТІ:
1. Қалалық мәслихаттың 2011 жылғы 22 желтоқсандағы "Балқаш қаласы тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" N 55/415 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 8-4-266 болып тіркелген, 2012 жылғы 15 ақпандағы N 18 (11836) "Балқаш өңірі", 2012 жылғы 15 ақпандағы N 18 (874) "Северное Прибалхашье" газеттерінде жарияланған), оған қалалық мәслихаттың 2012 жылғы 18 шілдедегі "Қалалық мәслихаттың 2011 жылғы 22 желтоқсандағы "Балқаш қаласы тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" N 55/415 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" N 6/55 шешімімен өзгерістер мен толықтыру енгізілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 8-4-286 болып тіркелген, 2012 жылғы 17 тамыздағы N 89-90 (11908) "Балқаш өңірі", 2012 жылғы 17 тамыздағы N 89-90 (984) "Северное Прибалхашье" газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
1) орыс тілдегі шешімінің тақырыбында "предоставления" деген сөз "оказания" деген сөзбен ауыстырылсын;
2) орыс тілдегі шешімінің 1 тармағында "предоставления" деген сөз "оказания" деген сөзбен ауыстырылсын;
3) орыс тілдегі Ереженің тақырыбында "предоставления" деген сөз "оказания" деген сөзбен ауыстырылсын;
4) орыс тілдегі Ереженің кіріспесінде "размер" деген сөзінен кейін "предоставления" деген сөз "оказания" деген сөзбен ауыстырылсын;
5) Ереженің 1-тармағының 9) тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын:
"9) тұрғын үй көмегі – аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) келесі шығындардың сомаларын төлеу бойынша жартылай орнын толтыру үшін берілетін жәрдемақы:
жекешелендiрiлген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратын) ұстауға;
тұрғын үйдiң меншiк иелерi немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желiсiне қосылған телефонға абоненттiк төлемақының өсуі бөлiгiнде байланыс қызметтi тұтынуға;
жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу төлемақысын төлеуге;
жекешелендірілген үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге.
Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады;";
6) Ереженің 2-тармағы келесі редакцияда мазмұндалсын:
"2. Отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерін айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу, сондай-ақ жекешелендірілген тұрғын үй-жайларында (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде пайдалануда тұрған дәлдік сыныбы 2,5 электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің орнына орнатылатын тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге, жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша тұрғын үй көмегі көрсетіледі.";
7) Ереженің 23-тармағының 6) тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын:
"6) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстау, коммуналдық қызметтерді және телефонға абоненттiк төлемақының өсуі бөлiгiнде байланыс қызметтi тұтынуға, тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құны бойынша шығындарды төлеу туралы мәліметтер (түбіртек-шот, анықтама, хабарлау, шарт);";
8) орыс тілдегі Ережеге 1, 2, 3 қосымшалардың тақырыптарында "предоставления" деген сөз "оказания" деген сөзбен ауыстырылсын.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Л. Тукбаева |
Қалалық мәслихаттың хатшысы | Қ. Рахимберлина |
КЕЛІСІЛДІ | |
Қала әкімі | Аубакиров Н.Е. |
27 наурыз 2013 жыл | |
"Балқаш қаласының жұмыспен қамту | |
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" | |
мемлекеттік мекемесінің бастығы | Томпиева Ж.К. |
27 наурыз 2013 жыл | |
"Балқаш қаласының қаржы бөлімі" | |
мемлекеттік мекемесінің бастығы | Тлеулесова Ж.М. |
27 наурыз 2013 жыл