Балқаш қаласы тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2021 жылғы 26 сәуірдегі № 4/31 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 6 мамырда № 6331 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2024 жылғы 19 маусымдағы № 14/122 шешімі шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 19.06.2024 № 14/122 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегiн көрсету ережесiн бекiту туралы" қаулысына сәйкес қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес Балқаш қаласы тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Ережесі бекітілсін.

      2. Осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес Балқаш қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Р. Савутов
      Қалалық мәслихат хатшысы К. Тейлянов

  Балқаш қалалық
мәслихатының
2021 жылғы 26 сәуірдегі
№ 4/31
шешіміне 1 қосымша

Балқаш қаласы тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Ережесі

      Осы Ереже Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегiн көрсету ережесiн бекiту туралы" Қаулысына сәйкес әзірленді және Балқаш қаласы мен әкімшілік-аумақтық іргелес кенттер тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындайды.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;

      2) аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысы – тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірілген тоқсанның алдындағы тоқсандағы отбасы (азамат) кірістерінің жалпы сомасы;

      3) аз қамтылған отбасылар (азаматтар) - Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үй көмегін алуға құқығы бар адамдар;

      4) уәкілетті орган - "Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - уәкілетті орган);

      5) шекті жол берілетін шығыстар үлесі – аз қамтылған отбасының (азаматтың) бір айда кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге, коммуналдық қызметтер мен телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдалануға жұмсаған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық кірісіне пайыздық қатынасы.

      2. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғынжай ретінде меншік құқығындағы Балқаш қаласында және әкімшілік – аумақтық іргелес кенттерде тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):

      кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;

      коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға;

      мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.

      Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретiнде айқындалады.

      Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының жергілікті өкілді органдар 10 пайыздан асырмай белгілеген шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 26.04.2023 № 2/17 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      3. Тұрғын үй көмегі аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жеткізушілер ұсынған ай сайынғы жарналар туралы шоттарға және шығыстар сметасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.

      4. Аз қамтылған отбасы (азамат), не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Мемлекеттік корпорацияға немесе "электрондық үкімет" веб-порталына тоқсанына бір рет жүгінуге құқылы.

      5. Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі, Мемлекеттік корпорациядан немесе "электрондық үкіметтің" веб-порталынан құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап сегіз жұмыс күнін құрайды.

2-тарау. Тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері

      6. Уәкілетті органмен тұрғын үй көмегін көрсетуде келесі нормалар есепке алынады:

      1) өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғынжай ауданының нормасы, тұрғын үй заңнамасында белгіленген бір адамға тұрғынжай беру нормасына баламалы және көп бөлмелі пәтерлерде (тұрғын үй – жайларда) тұратын отбасының әрбір мүшесіне, тұрғынжайдың пайдалы ауданының 18 шаршы метрін, ал бір бөлмелі пәтерлерде (тұрғын үй-жайларда) тұратындар үшін, тұрғынжайдың жалпы пайдалы алаңын құрайды. Көп бөлмелі пәтерлерде (тұрғын үй-жайларда) жалғыз тұратын азаматтар үшін, тұрғын үй ауданының әлеуметтік нормасы - 30 шаршы метр;

      2) коммуналдық қызметтерді тұтыну нормалары:

      Газды тұтыну нақты шығындар бойынша, бірақ мынадан артық болмауы тиіс:

      газ плиталарымен жабдықталған үйлерде орталықтандырылған ыстық су болған жағдайда, айына бір адамға 8 килограмм;

      газ плиталарымен жабдықталған үйлерде орталықтандырылған ыстық су болмаған жағдайда, айына бір адамға 10 килограмм.

      Бұл ретте баллон газы екі қабаттан аспайтын тұрғын үй ғимаратының пәтерлерінде есепке алынады.

      Отбасына электр қуатын тұтыну нақты шығындар бойынша, бірақ мынадан артық болмауы тиіс:

      газ плитасымен жабдықталған үйлерде 150 киловатт;

      электр плитасымен жабдықталған үйлерде 250 киловатт.

      Телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсу сомасы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің ережесінде белгіленген тәртіппен өтелуге жатады.

      Қатты отынды тұтыну (1 шаршы метр ауданды жылытуға):

      1985 жылға дейін салынған тұрғын ғимараттар үшін: 1-2 қабатты үйлер - 161 килограмм, 3-4 қабатты үйлер – 98 килограмм (жылу беру мерзімі 7 айға есептегенде);

      1985 жылдан кейін салынған тұрғын ғимараттар үшін: 1-2 қабатты үйлер - 125 килограмм, 3-4 қабатты үйлер – 72 килограмм (жылу беру мерзімі 7 айға есептегенде).

      Тұрғын үй көмегін есептеу кезінде статистика органдарының деректері бойынша, өткен тоқсандағы Балқаш қаласында қалыптасқан көмір бағасы қолданылады.

      Тұрғын үй көмегі аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), егер тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстар тұрғын үй ауданының нормасы шегінде (өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін, бірақ нақты алып отырған жалпы ауданнан және шығыстар нормативтерінен аспайтын), отбасы бюджетінде шекті жол берілетін шығыстар үлесінен асып кеткен жағдайда көрсетіледі.

      Шектi жол берiлетiн шығыстар үлесi жалпы сомалық есептеуде отбасының жиынтық табысының 5 пайызы мөлшерінде белгіленеді және аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) көмек көрсету үшін өлшем болып табылады.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 26.04.2023 № 2/17 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

3-тарау. Тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі

      7. Аз қамтылған отбасы (азамат), не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Мемлекеттік корпорацияға немесе "Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы өтініш береді және мынадай құжаттарды қоса береді:

      1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін түпнұсқасы беріледі);

      2) аз қамтылған отбасының табысын растайтын құжаттар. Тұрғын үй көмегін алуға үмiткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу тәртiбiн тұрғын үй қатынастары саласындағы уәкілетті орган айқындайды;

      3) зейнетақы аударымдары туралы анықтама (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынатын мәліметтерді қоспағанда);

      4) жұмыс орнынан немесе жұмыссыз адам ретінде тіркелуі туралы анықтама;

      5) балаларға және асырауындағы басқа да адамдарға алименттер туралы мәліметтер;

      6) банктік шоты;

      7) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге ай сайынғы жарналар туралы шоттар;

      8) коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шоттар;

      9) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;

      10) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстар туралы шот.

      Осы тармақта көзделмеген құжаттарды талап етуге жол берілмейді. Меншік құқығында (Қазақстан Республикасы бойынша) тұрғын үйдің болуы немесе болмауы туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші ақпараттық жүйелер арқылы алады.

      Аз қамтылған отбасы (азамат), не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі қайта өтініш берген кезде осы Ереженің 8-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, отбасының табыстарын растайтын құжаттарды және коммуналдық шығыстардың шоттарын ғана ұсынады.

      8. Уәкілетті орган тұрғын үй көмегін көрсетуден тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімдерде бас тартады.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 26.04.2023 № 2/17 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      9. Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы шешімді, не кызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын уәкілетті орган қабылдайды. Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы хабарлама, не тағайындаудан бас тарту туралы дәлелді жауап Мемлекеттік корпорацияға немесе электрондық құжат ретінде "жеке кабинетке" жіберіледі.

      10. Тұрғын үй көмегі барлық қажетті құжаттармен өтініш берілген айдан бастап, ағымдағы тоқсанның аяғына дейін тағайындалады.

      11. Тұрғын үйде бірнеше меншік иесі тұрған жағдайда, тұрғын үй көмегін тағайындау отбасы құрамындағы басқа меншік иелерін есепке алып ұсынылған өтініштің себептері бойынша бір ғана тұлғаға жүргізіледі.

      12. Кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдалануға жұмсалған шығыстар үшін, нақты есептелген сома туралы мәліметтерді уәкілетті органның сұрау салуы бойынша қызмет көрсетушілермен қағаз немесе электрондық жеткізгіштерде, не жеке тұлғалармен қағаз жеткізгіштерде беріледі.

      13. Түскен құжаттарды қарастыру нәтижесінде уәкілетті органмен тұрғын үй көмегін алушының жеке ісі түзіледі. Ай сайын тұрғын үй көмегін тағайындау есебі жүргізіледі, ол өтініш берушінің өтініміне қарай беріледі.

      14. Тұрғын үй көмегін алушылар, өзінің меншік нысанының, отбасы құрамының және жиынтық табысының кез келген өзгерістері туралы он жұмыс күннің ішінде уәкілетті органға жазбаша түрде хабарлауы қажет.

      Тұрғын үй көмегін артық немесе заңсыз тағайындалуына әкеп соқтырған әдейі жалған мәліметтерді өтініш берушімен бергені үшін төлем тоқтатылады, ал заңсыз алынған сомалар ерікті түрде қайтарылуы тиіс, бас тартқан жағдайда – сот тәртібімен қайтарылады.

      14-1. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

      Ескерту. Ереже 14-1-тармақпен толықтырылды - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 26.04.2023 № 2/17 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

4-тарау. Тұрғын үй көмегін төлеу

      15. Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеуді уәкілетті орган екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларын жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің тиісті лицензиясы бар ұйымдар арқылы азаматтардың жеке есепшоттарына аудару жолымен және алушының жеке шотына ақшалай каражатты қызмет жеткізушінің есеп шоттарына аудару арқылы жүзеге асырады.

      16. Тұрғын үй көмегін төлеу ай сайын тұрғын үй көмегін тағайындау туралы шешім қабылданған айдан кейінгі айдың 15-күніне қарай жүргізіледі. Тұрғын үй көмегін төлеуді қаржыландыру жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

  Балқаш қалалық
мәслихатының
2021 жылғы 26 сәуірдегі
№ 4/31
шешіміне 2 қосымша

Балқаш қалалық мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2011 жылғы 22 желтоқсандағы № 55/415 "Балқаш қаласы тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8-4-266 болып тіркелген, 2012 жылғы 15 ақпандағы "Балқаш өңірі" № 18 (11836), 2012 жылғы 15 ақпандағы "Северное Прибалхашье" № 18 (874) газеттерінде жарияланған).

      2. Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2012 жылғы 18 шілдедегі № 6/55 "Қалалық мәслихаттың 2011 жылғы 22 желтоқсандағы "Балқаш қаласы тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" № 55/415 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8-4-286 болып тіркелген, 2012 жылғы 17 тамыздағы "Балқаш өңірі" № 89-90 (11908), 2012 жылғы 17 тамыздағы "Северное Прибалхашье" № 89-90 (984) газеттерінде жарияланған).

      3. Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2013 жылғы 27 наурыздағы № 13/111 "Қалалық мәслихаттың 2011 жылғы 22 желтоқсандағы "Балқаш қаласы тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" № 55/415 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2314 болып тіркелген, 2013 жылғы 22 мамырдағы "Балқаш өңірі" № 53, 2013 жылғы 22 мамырдағы "Северное Прибалхашье" № 52 газеттерінде жарияланған).

      4. Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2014 жылғы 12 маусымдағы № 29/227 "Қалалық мәслихаттың 2011 жылғы 22 желтоқсандағы "Балқаш қаласы тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" № 55/415 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2667 болып тіркелген, 2014 жылғы 27 маусымдағы "Балқаш өңірі" № 67-68 (12174), 2014 жылғы 27 маусымдағы "Северное Прибалхашье" № 66-67 (1245) газеттерінде, 2014 жылғы 2 шілдедегі "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      5. Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2016 жылғы 24 тамыздағы № 4/50 "Қалалық мәслихаттың 2011 жылғы 22 желтоқсандағы "Балқаш қаласы тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" № 55/415 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3961 болып тіркелген, 2016 жылғы 28 қыркүйектегі "Балқаш өңірі" № 107 (12500), 2016 жылғы 28 қыркүйектегі "Северное Прибалхашье" № 79 (1543) газеттерінде, 2016 жылғы 7 қазандағы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      6. Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 22/195 "Қалалық мәслихаттың 2011 жылғы 22 желтоқсандағы № 55/415 "Балқаш қаласы тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4962 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2018 жылғы 15 қазанда жарияланған).

      7. Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2020 жылғы 18 наурыздағы № 37/304 "Қалалық мәслихаттың 2011 жылғы 22 желтоқсандағы № 55/415 "Балқаш қаласы тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5766 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2020 жылғы 30 наурызда жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады