Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Абай ауданы әкімдігінің 10.12.2013 № 42/03 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2002 жылғы 26 сәуірдегі N 91-ө "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 қаулысын іске асыру туралы" бұйрығына сәйкес, Абай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Абай ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 17 қаңтардағы N 03/03 "2013 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 2159 болып тіркелген, 2013 жылғы 16 ақпандағы N 8 "Абай-Ақиқат" аудандық газетінде жарияланған), оған Абай ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 29 наурыздағы N 12/07 "Абай ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 17 қаңтардағы N 03/03 "2013 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" қаулысымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 2319 болып тіркелген, 2013 жылғы 18 мамырдағы N 20 "Абай-Ақиқат" аудандық газетінде жарияланған) өзгеріс енгізілген, келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулыға қосымшасы осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Абай ауданы әкімінің орынбасары Әсем Айтжанқызы Жүніспековаға жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Абай ауданы әкімінің
міндетін атқарушы М. Бимағанбетов
Абай ауданы әкімдігінің
2013 жылғы 17 маусымдағы
N 20/01 қаулысына
қосымша
Абай ауданы әкімдігінің
2013 жылғы 17 қаңтардағы
N 03/03 қаулысына
қосымша
2013 жылға Абай ауданының ұйымдары, кәсіпорындары және мекемелері бойынша қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемдерінің тізімі
Ұйымдар, кәсіпорындар және мекемелер |
Жылына қоғамдық қызметкерлерге сұраныс, адам |
Жұмыстардың ұзақтығы, ай |
Айына қызметкерлер саны, адам |
Қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемдері |
"Абай-Көркем" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
198 |
1 |
21 |
Ағаштарды отырғызу – 500 дана, көшеттерді отырғызу – 100 дана, гүлдерді отырғызу – 500 дана, ағаштарды көктемгі өңдеу – 7587 дана, ауданы 192340 шаршы метр аумағын жинау және тазалау, нөсерліктерді және нөсер құдықтарын тазарту – 218 дана |
Зейнетақы төлеу бойынша мемлекеттік орталық |
6 |
2 |
1 |
Зейнетақыны қайта есептеу кездегі көмек – 25700 іс, мұрағаттық құжаттармен жұмыста – 14000 іс, курьерлік жұмыс – 660 хат |
Абай ауданы бойынша салық басқармасы |
16 |
2 |
5 |
Салық жинауға көмек – 16927 түбіртек |
Абай аудандық қорғаныс ісі жөніндегі бөлім |
10 |
2 |
2 |
Әскерге шақырылушылардың жеке істерін ресімдеуге көмек – 2500 іс, шақыру қағаздарын тарату – 1200 дана |
Абай ауданының статистика бөлімі |
5 |
2 |
1 |
Жеке кәсіпорындарды жағдаятты зерттеулерге көмек – 300 объект, ауыл шаруашылығы бойынша – 350 объект, мұрағаттық құжаттармен жұмыста – 150 папка, курьерлік жұмыс – 330 хат |
Абай ауданының прокуратурасы |
5 |
2 |
1 |
Ағымдағы құжаттармен жұмыстағы көмек – 600 парақ, факстерді жөнелту – 240 парақ, мәтіндерді теру және басып шығару – 400 парақ, хат-хабарларды жеткізу – 330 хат |
Абай аудандық соты |
10 |
1 |
1 |
Ағымдағы құжаттармен жұмыстағы көмек – 300 парақ, факстерді жөнелту – 120 парақ, шақыру қағаздарын тарату – 600 дана |
Абай ауданының әдiлет басқармасы |
31 |
1 |
3 |
Құжаттаудағы көмек – 2500 іс |
Абай аудандық Ішкі істер басқармасы |
10 |
2 |
2 |
Ағымдағы құжаттармен жұмыстағы көмек – 1200 парақ, факстерді жөнелту – 650 парақ, мәтіндерді теру және басып шығару – 600 парақ, хат-хабарларды жеткізу – 660 хат |
Абай ауданының N 2 аудандық соты |
10 |
1 |
1 |
Ағымдағы құжаттармен жұмыстағы көмек – 200 парақ, факстерді жөнелту – 100 парақ, шақыру қағаздарын тарату – 200 дана |
Абай ауданының төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімі |
6 |
1 |
1 |
Ағымдағы құжаттармен жұмыстағы көмек – 300 парақ, факстерді жөнелту – 120 парақ, мәтіндерді теру және басып шығару – 300 парақ, хат-хабарларды жеткізу – 330 хат |
Абай ауданының әкімінің аппараты |
6 |
2 |
1 |
Ағымдағы құжаттармен жұмыстағы көмек – 300 парақ, факстерді жөнелту – 120 парақ, мәтіндерді теру және басып шығару – 200 парақ, хат-хабарларды жеткізу – 330 хат |
Құрма ауылдық округі әкімінің аппараты |
6 |
2 |
1 |
Ұзақтығы 13 километр су құбырының, ұзақтығы 6 километр кәріздің қызмет көрсетуіне көмек |
Абай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі |
6 |
2 |
1 |
Мұрағаттық құжаттарды өңдеуге көмек – 500 папка |
Абай ауданының жер қатынастары бөлімі |
5 |
2 |
1 |
Ағымдағы құжаттармен жұмыстағы көмек – 300 парақ, факстерді жөнелту – 120 парақ, мәтіндерді теру және басып шығару – 200 парақ |
Қарағанды облысының түзету мекемелеріндегі заңдылықты бақылау бойынша арнайы прокуратура |
6 |
1 |
1 |
Ағымдағы құжаттармен жұмыстағы көмек – 600 парақ, факстерді жөнелту – 300 парақ, мәтіндерді теру және басып шығару – 400 парақ, хат-хабарларды жеткізу – 300 хат |
"Абай ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына жәрдемдесу қоры" қоғамдық қоры |
85 |
1 |
5 |
Шыршалар күтімі – 40 дана, ағаштарды көктемгі өңдеу – 40 дана, алаңы 0,1153 гектар аумағын жинау және тазалау, мешіт ғимаратына қызмет көрсету |
Топар кенті әкімінің аппараты |
21 |
1 |
3 |
Ауданы 15 гектар аумағын жинау және тазалау |
Мичурин селолық округі әкімінің аппараты |
4 |
1 |
1 |
Ағымдағы құжаттармен жұмыстағы көмек – 600 парақ, факстерді жөнелту – 300 парақ, мәтіндерді теру және басып шығару – 400 парақ, хат-хабарларды жеткізу – 300 хат |
Абай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобильдік жолдар бөлімі |
7 |
1 |
1 |
Ағымдағы құжаттармен жұмыстағы көмек – 600 парақ, факстерді жөнелту – 300 парақ, мәтіндерді теру және басып шығару – 400 парақ, хат-хабарларды жеткізу – 300 хат |
Южный кенті әкімінің аппараты |
3 |
1 |
1 |
Алаңы 1,3 гектар кент аумағын санитарлық тазарту |
Көксун ауылдық округі әкімінің аппараты |
6 |
1 |
1 |
Алаңы 20,0 гектар ауылдық округ аумағын санитарлық тазарту |
Акционерлік қоғам "Қазпошта" |
25 |
2 |
10 |
Хат-хабарларды жеткізу |
Құлаайғыр ауылдық округі әкімінің аппараты |
4 |
1 |
1 |
Су құбыры желілерінде қызмет көрсету |
Ақбастау ауылдық округі әкімінің аппараты |
4 |
1 |
1 |
Су құбыры желілерінде қызмет көрсету |
Самарка ауылдық округі әкімінің аппараты |
4 |
1 |
1 |
Мәдени-әлеуметтік маңызы бар нысандарда түбегейлі жөндеу жұмыстарын жүргізуге көмек, ауылшаруашылық жануарларын сәйкестендіру өткізу кездегі көмек |
Есенгелді ауылдық округі әкімінің аппараты |
1 |
1 |
1 |
Ағымдағы құжаттармен жұмыстағы көмек – 600 парақ |
Барлығы |
500 |