Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Абай ауданы әкімдігінің 10.12.2013 № 42/03 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2002 жылғы 26 сәуірдегі N 91-ө "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 қаулысын іске асыру туралы" бұйрығына сәйкес, Абай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Абай ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 17 ақпандағы N 03/03 "2013 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 2159 болып тіркелген, 2013 жылғы 16 ақпандағы N 8 "Абай-Ақиқат" аудандық газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулыға қосымшасы осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Абай ауданы әкімінің орынбасары Әсем Айтжанқызы Жүніспековаға жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң колданысқа енгізіледі.
Абай ауданының әкімі Е. Нашаров
Абай ауданы әкімдігінің
2013 жылғы 29 наурыздағы
N 12/07 қаулысына
қосымша
Абай ауданы әкімдігінің
2013 жылғы 17 қаңтардағы
N 03/03 қаулысына
қосымша
2013 жылға Абай ауданының ұйымдары, кәсіпорындары және мекемелері бойынша қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемдерінің тізімі
Ұйымдар, кәсіпорындар және мекемелер |
Жылына қоғамдық қызметкерлерге сұраныс, адам |
Жұмыстардың ұзақтығы, ай |
Айына қызметкерлер саны, адам |
Қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемдері |
"Абай-Көркем" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
160 |
1,5 |
20 |
Ағаштарды отырғызу – 500 дана, |
Зейнетақы төлеу бойынша мемлекеттік орталық |
12 |
1 |
1 |
Зейнетақыны қайта есептеу кездегі көмек – 25700 іс, |
Абай ауданы бойынша салық басқармасы |
12 |
1 |
1 |
Салық жинауға көмек – 16927 түбіртек |
Абай аудандық қорғаныс ісі жөніндегі бөлім |
24 |
1 |
2 |
Әскерге шақырылушылардың жеке істерін ресімдеуге көмек – 2500 іс, |
Абай ауданының статистика бөлімі |
12 |
1 |
1 |
Жеке кәсіпорындарды жағдаятты зерттеулерге көмек – 300 объект, |
Абай ауданының прокуратурасы |
12 |
1 |
1 |
Ағымдағы құжаттармен жұмыстағы көмек – 600 парақ, |
Абай аудандық соты |
12 |
1 |
1 |
Ағымдағы құжаттармен жұмыстағы көмек – 300 парақ, |
Абай ауданының әдiлет басқармасы |
24 |
1,5 |
3 |
Құжаттаудағы көмек – 2500 іс |
Абай аудандық Ішкі істер басқармасы |
24 |
1 |
2 |
Ағымдағы құжаттармен жұмыстағы көмек – 1200 парақ, |
Абай ауданының N 2 аудандық соты |
12 |
1 |
1 |
Ағымдағы құжаттармен жұмыстағы көмек – 200 парақ, |
Абай ауданының төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімі |
12 |
1 |
1 |
Ағымдағы құжаттармен жұмыстағы көмек – 300 парақ, |
Абай ауданының әкімінің аппараты |
12 |
1 |
1 |
Ағымдағы құжаттармен жұмыстағы көмек – 300 парақ, |
Құрма ауылдық округі әкімінің аппараты |
12 |
1 |
1 |
Ұзақтығы 13 километр су құбырының, ұзақтығы 6 километр кәріздің қызмет көрсетуіне көмек |
Абай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі |
12 |
1 |
1 |
Мұрағаттық құжаттарды өңдеуге көмек – 500 папка |
Абай ауданының жер қатынастары бөлімі |
12 |
1 |
1 |
Ағымдағы құжаттармен жұмыстағы көмек – 300 парақ, |
Қарағанды облысының түзету мекемелеріндегі заңдылықты бақылау бойынша арнайы прокуратура |
6 |
1 |
1 |
Ағымдағы құжаттармен жұмыстағы көмек – 600 парақ, |
"Абай ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына жәрдемдесу қоры" қоғамдық қоры |
90 |
2,0 |
15 |
Шыршылар күтімі – 40 дана, |
Топар кенті әкімінің аппараты |
28 |
1 |
3 |
Ауданы 15 гектар аумағын жинау және тазалау |
Мичурин селолық округі әкімінің аппараты |
3 |
2 |
1 |
Ағымдағы құжаттармен жұмыстағы көмек – 600 парақ, |
Абай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобильдік жолдар бөлімі |
9 |
1 |
1 |
Ағымдағы құжаттармен жұмыстағы көмек – 600 парақ, |
Барлығы |
500 |