Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2 сессиясының 2012 жылғы 25 ақпандағы N 2/17 "Жаңаарқа ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы мәслихатының XV сессиясының 2013 жылғы 14 ақпандағы N 15/97 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 13 наурызда N 2226 болып тіркелді. Күші жойылды - Ұлытау облысы Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2024 жылғы 28 маусымдағы № 16/119 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ұлытау облысы Жаңаарқа аудандық мәслихатының 28.06.2024 № 16/119 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2 сессиясының 2012 жылғы 25 ақпандағы N 2/17 "Жаңаарқа ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 8-12-125 болып тіркелген, 2012 жылғы 7 сәуірдегі N 16 (9489) "Жаңаарқа" газетінде жарияланған), Жаңаарқа аудандық мәслихатының VIII сессиясының 2012 жылғы 20 тамыздағы N 8/52 "Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2012 жылғы 25 ақпандағы 2 сессиясының "Жаңаарқа ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" N 2/17 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімімен өзгерістер енгізілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 1931 болып тіркелген, 2012 жылғы 22 қыркүйектегі N 43 (9515) "Жаңаарқа" газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Ереженің 3 тармағы жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "3. Тұрғын үй көмегі Жаңаарқа ауданында тұрақты тұратын, осы тұрғын үйде тіркелген, тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға), егер жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтынуға, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысына, тұрғын үй алаңының нормалары шегінде, өтемақы шараларымен қамтамасыз етілген жағдайда, бірақ алатын нақты жалпы алаңы тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға шығыстар нормативтерінен аспағанда, сондай-ақ телекоммуникациялық қызметтер көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтері артқанда, отбасы (азаматтың) бюджетінде осы мақсаттарға шекті жол берілетін шығыстар үлесінен асқанда беріледі. Аталған жерлерде тұрақты тұратын адамдарға тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерін айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу, сондай-ақ жекешелендірілген тұрғын үй-жайларында (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде пайдалануда тұрған дәлдік сыныбы 2,5 электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің орнына орнатылатын тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге, жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша тұрғын үй көмегі бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.

      Шекті жол берілетін шығыстар үлесі жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтерді тұтынуға, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысы, сондай-ақ телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақы тарифінің артуына ақы төлеу отбасының (азаматтың) жиынтық табысының он бес пайызы мөлшерінде белгіленеді.".

      2. Осы шешім оның бірінші ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Аудандық мәслихаттың кезектен тыс


XV сессиясының төрағасы

Ж. Рыспеков

Аудандық мәслихат хатшысы

Д. Жұмасейітов

КЕЛІСІЛДІ:


"Жаңаарқа ауданының жұмыспен қамту


және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"


мемлекеттік мекемесінің бастығы

Ш. Ибраева


      2013 жылғы 14 ақпан

О внесении изменения в решение 2 сессии Жанааркинского районного маслихата от 25 февраля 2012 года N 2/17 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи населению Жанааркинского района"

Решение XV сессии Жанааркинского районного маслихата Карагандинской области от 14 февраля 2013 года N 15/97. Зарегистрировано Департаментом юстиции Карагандинской области 13 марта 2013 года N 2226. Утратило силу решением Жанааркинского районного маслихата области Ұлытау от 28 июня 2024 года № 16/119

      Сноска. Утратило cилу решением Жанааркинского районного маслихата области Ұлытау от 28.06.2024 № 16/119 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и Законом Республики Казахстан от 16 апреля 1997 года "О жилищных отношениях" районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение 2 сессии Жанааркинского районного маслихата от 25 февраля 2012 года N 2/17 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи населению Жанааркинского района" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за N 8-12-125, опубликовано в газете "Жаңаарқа" от 7 апреля 2012 года N 16 (9489)), внесены изменения решением VIII сессии Жанааркинского районного маслихата от 20 августа 2012 года N 8/52 "О внесении изменений в решение 2 сессии Жанааркинского районного маслихата от 25 февраля 2012 года N 2/17 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи населению Жанааркинского района" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за N 1931, опубликовано в газете "Жаңаарқа" от 22 сентября 2012 года N 43 (9515)), следующее изменение:

      пункт 3 Правил, утвержденных указанным решением, изложить в новой редакции:

      "3. Жилищная помощь предоставляется семьям (гражданам), постоянно проживающим в Жанааркинском районе, зарегистрированным в данном жилье, являющимся собственниками или нанимателями (поднанимателями) жилища, в том случае, если расходы на содержание жилого дома (жилого здания) и потребление коммунальных услуг, на арендную плату за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, в пределах нормы площади жилища, обеспечиваемой компенсационными мерами, но не более фактически занимаемой общей площади, нормативов расходов на содержание жилого дома (жилого здания), а также повышения тарифов абонентской платы за оказание услуг телекоммуникаций, в бюджете семьи (гражданина) превышают долю предельно-допустимых расходов на эти цели. Жилищная помощь оказывается по предъявленным поставщиками счетам на оплату коммунальных услуг на содержание жилого дома (жилого здания) согласно смете, определяющей размер ежемесячных и целевых взносов, на содержание жилого дома (жилого здания), а также счету на оплату стоимости однофазного счетчика электрической энергии с классом точности не ниже 1 с дифференцированным учетом и контролем расхода электроэнергии по времени суток, устанавливаемого взамен однофазного счетчика электрической энергии с классом точности 2,5, находящегося в использовании в приватизированных жилых помещениях (квартирах), индивидуальном жилом доме, за счет бюджетных средств лицам, постоянно проживающим в данной местности.

      Доля предельно-допустимых расходов семьи (гражданина) на содержание жилого дома (жилого здания), потребления коммунальных услуг, на арендную плату за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, а также повышения тарифов абонентской платы за оказание услуг телекоммуникаций устанавливается к совокупному доходу семьи в размере пятнадцати процентов.".

      2. Настоящее решение вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

Председатель XV внеочередной


сессии районного маслихата

Ж. Рыспеков

Секретарь районного маслихата

Д. Жумасейтов

СОГЛАСОВАНО:


Начальник


государственного учреждения


"Отдел занятости и социальных


программ Жанааркинского района"

Ш. Ибраева


      14 февраля 2013 года