Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Шет аудандық мәслихатының 27.06.2018 № 22/190 шешімімен (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің 8-бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 387-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Шет ауданының жерлерін аймақтарға бөлу схемасы осы шешімге 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 379, 381, 383-баптарында белгіленген, автотұраққа (паркингке), автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) жерлерді қоспағанда, жер салығының ставкаларын жоғарылату (төмендету) пайыздары осы шешімге 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Шет аудандық мәслихатының 19.03.2015 N 28/246 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Н. Шоқпаров |
Аудандық мәслихаттың хатшысы | Ә. Смағұлұлы |
Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 4 сәуірдегі N 12/118 шешіміне 1-қосымша |
Шет ауданның жерлерін аймақтарға бөлу
СХЕМАСЫ
Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 4 сәуірдегі N 12/118 шешіміне 2-қосымша |
Жер салығының ставкаларын жоғарылату (төмендету) пайыздары
Аймақ нөмірлері | Жер салығының ставкаларын жоғарылату (+), төмендету (-) пайыздары |
І | +50 |
ІІ | +40 |
ІІІ | +25 |
ІV | +15 |
V | 0 |