Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Шет аудандық мәслихатының 27.06.2018 № 22/190 шешімімен (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі).
РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексіне)" Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 4 сәуірдегі ХІІ-сессиясының "Шет ауданының жерлерін аймақтарға бөлу схемасын және жер салығының ставкаларын жоғарылату (төмендету) пайыздарын бекіту турлы" № 12/118 шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2328 болып тіркелген, 2013 жылғы 16 мамырдағы № 20 (10 433) "Шет Шұғыласы" газетінде жарияланған), келесі өзгеріс енгізілісін:
көрсетілген шешімдегі 2 тармақ мынандай редакцияда мазмұндалсын:
"2. Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 379, 381, 383-баптарында белгіленген, автотұраққа (паркингке), автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) жерлерді қоспағанда, жер салығының ставкаларын жоғарылату (төмендету) пайыздары осы шешімге 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Ж. Ибраимов |
Аудандық мәслихаттың хатшысы | Ә. Смағұлұлы |