"Қызылорда облысының коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидасын бекіту туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2012 жылғы 13 ақпандағы N 322 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қызылорда облыстық әкімдігінің 2013 жылғы 12 қазандағы N 315 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 29 қазанда N 4529 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облыстық әкімдігінің 2013 жылғы 25 желтоқсандағы N 418 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облыстық әкімдігінің 25.12.2013 N 418 қаулысымен.

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Қызылорда облысының коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидасын бекіту туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2012 жылғы 13 ақпандағы N 322 қаулысына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 4297 нөмірімен тіркелген, 2012 жылғы 20 наурызда "Сыр бойы" және "Кызылординские вести" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      аталған қаулының 2-тармағы келесі редакцияда жазылсын:
      "2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Н.Н. Годуноваға жүктелсін.";
      аталған қаулымен бекітілген Қызылорда облысының коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқаруға беру Қағидасында:
      6-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) теңгерім ұстаушылардың жазбаша келісімінің негізінде жүзеге асырылатын, алаңы бір жүз шаршы метрге дейінгі үй-жайларды, ғимараттар мен құрылыстарды, қалдық құны бір жүз елу еселенген ең төменгі есепті көрсеткіштен аспайтын жабдықты бергенде;";
      7-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
      "7. Осы Қағиданың 6-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайды қоспағанда, объектіні тендер өткізбестен сенімгерлік басқаруға берген кезде мүдделі тұлғаның объектіні сенімгерлік басқаруға беруге еркін нысандағы өтініміне мынадай құжаттар қоса беріледі:
      1) теңгерім ұстаушының объектіні сенімгерлік басқаруға жазбаша келісімі;
      2) объектінің қажеттілігіне негіздеме;
      3) заңды тұлғалар үшін – заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамаcы немесе куәліктің, құрылтай құжаттарының (құрылтай шарты және жарғы) нотариалды куәландырылған көшірмелері;
      жеке тұлғалар үшін – дара кәсіпкерді (бірлескен дара кәсіпкерлікті) мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің, жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмелері.";
      22-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
      "22. Тендерге қатысу үшін кепілдік жарна әрбір объект үшін оның нарықтық құнының немесе теңгерімдік құнының (объектіні кейіннен сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға берген жағдайда) он пайызына дейін бөлек белгіленеді.";
      27-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
      "27. Тендерге қатысушы ретінде тіркелу үшін мыналарды ұсыну қажет:
      1) осы Қағиданың қосымшасында белгіленген нысан бойынша тендерге қатысушыны тендер жеңімпазы деп жариялаған жағдайда оның жазбаша, ақпараттық хабарламада көрсетілген және тендерге қатысушының өзі ұсынған тендер талаптарында шарт жасасу міндеттемесін білдіретін тендерге қатысуға өтінімді;
      2) паспортты немесе өзге жеке басын куәландыратын құжатты (құжаттың салыстырып тексеру үшін көшірмесін және түпнұсқасын немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі) – жеке тұлғалар үшін;
      3) банктік шоттың барын растайтын банк анықтамасының түпнұсқасын;
      4) кепілдік жарнаны төлегенін растайтын банк анықтамасының түпнұсқасын және көшірмесін;
      5) жабық конверттегі тендердің шарттарын қанағаттандыратын ұсынысты (бизнес-жоспар);
      6) өкілдің өкілеттігін куәландыратын құжаттың түпнұсқасын, сондай-ақ, өкілдің тұлғалығын куәландыратын құжаттың салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы мен көшірмесін, немесе жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесін береді.";
      28-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
      "28. Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары жарғының және заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың немесе куәліктің салыстыру үшін көшірмелері мен түпнұсқаларын немесе нотариалды куәландырылған көшірмелерін қосымша ұсынады. Шетелдік заңды тұлғалары құрылтай құжаттарын нотариалды куәландырылған қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасымен бірге ұсынады.";
      аталған қағида осы қаулының қосымшасына сәйкес қосымшамен толықтырылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Н.Н. Годуноваға жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда облысының әкімі                    Қ. Көшербаев

2013 жылғы "12" қазандағы N 315
      Қызылорда облысы әкімдігінің
      қаулысына қосымша

      Қызылорда облысының коммуналдық
      мүлікті сенімгерлік басқаруға
      беру қағидасына қосымша

      Коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі тендерге қатысуға
      Өтінім
 

      1. Кейіннен сатып алу _______________________ _______ мерзімге ______________________________

      (құқығымен/құқығынсыз) жыл (объектінің атауы)
сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі тендер өткізу туралы жарияланған ақпараттық хабарламаны қарап және коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидасымен таныса отырып, мен. өтінімге қол қоюға уәкілетті, төменде қол қоюшы,______________________ _____________________________________________

      (толық аты-жөні, тегі)      (атынан тапсырыс беріп отырған Қатысушы көрсетіледі)

атынан тендерге қатысу өтінімін қабылдауды және 20____ жылғы "____" ________ ______________________ мекенжай бойынша өтетін тендерге қатысушы ретінде тіркеуді сұраймын.

      2. Біз (мен) ________________________________________ сомасында тендерге қатысу үшін ақпараттық

      (теңгедегі сома, сондай-ақ жазумен көрсетіледі)

хабарламада көрсетілген облыстық (аудандық, Қызылорда қалалық) коммуналдық мүлікті басқаруға уәкілетті атқарушы органның депозиттік шотына: ______________________________________________
      (ЖСК, БСК, төлем коды, Кбе, мекеменің коды) кепілдік жарна енгіздік (енгіздім).

      3. Біздің (менің) қатысушыға қойылатын талаптарға сәйкес еместігіміз айқындалған жағдайда, біз (мен) тендерге қатысу құқығынан айырылатынымызға (ма), біз (мен) тендерде жеңіске жеткен жағдайда біз (мен) қол қойған Тендердің нәтижелері туралы хаттама мен Сенімгерлік басқару шарты жарамсыз деп танылатына келісемін.

      4. Егер біз (мен) тендердің Жеңімпазы болған жағдайда, өзімізге тендерді өткізген күні Тендердің нәтижелері туралы хаттамаға қол қою және тендер аяқталғаннан кейін он күнтізбелік күннен кешіктірмей ақпараттық хабарламада көрсетілген және біз (мен) ұсынған тендердің шарттарында Сенімгерлік басқару шартын жасасу міндеттемесін аламыз.

      5. Біз енгізген кепілдік жарна сомасы қайтарылмайтынымен және мынадай:
      тендер өткізілгенге дейін кемінде үш күн бұрын оған қатысудан бас тартқан;
      Тендердің нәтижелері туралы хаттамаға немесе Сенімгерлік басқару шартына қол қоюдан жалтарған;
      менің (біздің) Қатысушыға қойылатын талаптарға сәйкес еместігіміз айқындалған жағдайларда келісеміз (мін).

      6. Осы өтінім Тендердің нәтижелері туралы хаттамамен бірге Сенімгерлік басқару шартын жасасуға дейін қолданылатын шарт күшіне ие.

      7. Өтінішке
      1) ____________________________________________________________        2) ____________________________________________________________
      3) ____________________________________________________________ қоса беріліп отыр.

      8. Төлем деректемелері:
____________________________________________________________________      (бенефициар-банктің деректемелері: банктің атауы, ЖСК, БСК) ____________________________________________________________________      (алушының деректемелері: атауы, ЖСК, Кбе, ағымдағы шоты)

      9. Қатысушының толық атауы (заңды тұлғаның немесе аты-жөні) және жеке тұлғаның паспорттық деректері мен тұратын жері (мекенжайы, телефон, факс және т.б.) ______________________________________

_________ ____________________________________________________      (қолы) (сенімхаттың негізінде әрекет ететін уәкілетті тұлғаның аты-жөні)

      20_____ жылғы "____" ____________
 

Мөр орны

О внесении изменений и дополнения в постановление акимата Кызылординской области от 13 февраля 2012 года N 322 "Об утверждении Правил передачи коммунального имущества Кызылординской области в доверительное управление"

Постановление Кызылординского областного акимата от 12 октября 2013 года N 315. Зарегистрировано Департаментом юстиции Кызылординской области 29 октября 2013 года за N 4529. Утратило силу постановлением Кызылординского областного акимата от 25 декабря 2013 года N 418

      Сноска. Утратило силу постановлением Кызылординского областного акимата от 25.12.2013 N 418.

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 24 марта 1998 года "О нормативных правовых актах" акимат Кызылординской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Внести в постановление акимата Кызылординской области от 13 февраля 2012 года N 322 "Об утверждении Правил передачи коммунального имущества Кызылординской области в доверительное управление" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов N 4297, опубликовано 20 марта 2012 года в газетах "Сыр бойы" и "Кызылординские вести") следующие изменения и дополнение:
      пункт 2 указанного постановления изложить в следующей редакции:
      "2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима Кызылординской области Годунову Н.Н.";
      в Правилах передачи коммунального имущества Кызылординской области в доверительное управление, утвержденных указанным постановлением:
      в подпункт 2) пункта 6 внесены изменения на казахском языке, текст на русском языке не изменяется;
      пункт 7 изложить в следующей редакции:
      "7. При предоставлении объекта в доверительное управление без проведения тендера, за исключением случая, предусмотренного подпунктом 1) пункта 6 настоящих Правил, к заявке на предоставление объекта в доверительное управление заинтересованного лица, подаваемой в произвольной форме, прилагаются следующие документы:
      1) письменное согласие балансодержателя на предоставление объекта в доверительное управление;
      2) обоснование потребности в объекте;
      3) для юридических лиц – нотариально засвидетельствованные копии справки либо свидетельства о государственной регистрации (перерегистрации) юридического лица, учредительных документов (учредительный договор и устав);
      для физических лиц - нотариально засвидетельствованные копии свидетельства о государственной регистрации индивидуального предпринимателя (совместного индивидуального предпринимательства), документа, удостоверяющего личность физического лица.";
      в пункт 22 внесены изменения в тексте на казахском языке, текст на русском языке не изменяется;
      пункт 27 изложить в следующей редакции:
      "27. Для регистрации в качестве участника тендера необходимо представить:
      1) заявку на участие в тендере по передаче коммунального имущества в доверительное управление по форме согласно приложению к настоящим Правилам, означающую письменное обязательство участника тендера, в случае объявления его победителем тендера, заключить договор доверительного управления на условиях тендера, указанных в информационном сообщении и предложенных самим участником тендера;
      2) паспорт или иной удостоверяющий личность документ (копию и оригинал для сверки либо нотариально засвидетельствованную копию документа) – для физических лиц;
      3) оригинал справки банка, подтверждающей наличие банковского счета;
      4) оригинал и копию платежного документа, подтверждающего внесение гарантийного взноса;
      5) предложение (бизнес-план), удовлетворяющее условиям тендера, в закрытом конверте;
      6) оригинал документа, удостоверяющего полномочия представителя, а также оригинал для сверки и копию документа, удостоверяющего личность представителя, либо нотариально засвидетельствованную копию документа, удостоверяющего личность.";
      пункт 28 изложить в следующей редакции:
      "28. Юридические лица Республики Казахстан дополнительно представляют копии и оригиналы для сверки либо нотариально засвидетельствованные копии устава и справки либо свидетельства о государственной регистрации (перерегистрации) юридического лица. Иностранные юридические лица представляют учредительные документы с нотариально заверенным переводом на казахский и русский языки.";
      дополнить приложением согласно приложения к настоящему постановлению.
      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима Кызылординской области Годунову Н. Н.
      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня первого официального опубликования.

      Аким Кызылординской области                   К. Кушербаев

Приложение
      к постановлению акимата Кызылординской области
      от "12" октября 2013 года N 315

      Приложение
      к Правилам передачи коммунального
      имущества Кызылординской области
      в доверительное управление

      Заявка
      на участие в тендере по передаче коммунального имущества в доверительное управление

      1. Рассмотрев опубликованное информационное сообщение о проведении тендера по передаче _____________________________________________________________________ в доверительное управление      (наименование объекта)

______________________ последующего выкупа (с правом / без права) сроком на _______, и ознакомившись с Правилами передачи коммунального имущества в доверительное управление, я нижеподписавшийся, уполномоченный на подписание заявки ____________________________________________________________     (Ф.И.О. полностью)

прошу принять заявку на участие в тендере _______________________________________________________      (указывается Участник, от имени которого подается заявка)

и зарегистрировать в качестве участника тендера, который состоится "__" ________ 20__ г. по адресу: __________________________________________.

      2. Нами (мною) внесен гарантийный взнос для участия в тендере суммой ___________________________________________________________________ (указывается сумма в тенге, в том числе прописью)

на депозитный счет исполнительный органом уполномоченный на распоряжение областным (районным, города Кызылорды) коммунальным имуществом, указанный в информационном сообщении: ____________________________________________________________________.  (ИИК, БИК, код назначения платежа, Кбе, код учреждения)

      3. Согласен (ы) с тем, что в случае обнаружения нашего (моего) несоответствия требованиям, предъявляемым участнику, мы (я) лишаемся права участия в тендере, в случае нашей (моей) победы на тендере подписанные нами (мною) Протокол о результатах тендера и Договор доверительного управления будут признаны недействительными.

      4. В случае, если мы (я) становимся Победителями тендера, принимаем на себя обязательства подписать Протокол о результатах тендера в день проведения тендера и заключить Договор доверительного управления на условиях тендера, указанных в информационном сообщении и предложенных нами (мною), не позднее десяти календарных дней после завершения тендера.

      5. Согласен (ы) с тем, что сумма внесенного нами гарантийного взноса не возвращается в случаях:
      отказа от участия в тендере менее чем за три дня до его проведения;
      при уклонении от подписания Протокола о результатах тендера или Договора доверительного управления;
      обнаружения нашего (моего) несоответствия требованиям, предъявляемым к Участнику.

      6. Настоящая заявка вместе с Протоколом о результатах тендера имеет силу договора, действующего до заключения Договора доверительного управления.

      7. К заявке прилагаются:
      1) ___________________________________________________________
      2) ___________________________________________________________.

      8. Платежные реквизиты: ______________________________________________
      (реквизиты банка бенефициара: наименование банка, ИИК, БИК)

___________________________________________________________________.   (реквизиты получателя: наименование, ИИК, Кбе, текущий счет)

      9. Полное наименование Участника (юридического лица или Ф.И.О) и паспортные данные физического лица, и местонахождение (адрес, телефон, факс, т.д.). ________________________________

_______________ ______________________________________________      (подпись)       (Ф.И.О. уполномоченного лица, действующего на основании доверенности)

      "__" ________ 20__ год

      Место печати