Қызылорда облысының коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидасын бекіту туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы әкімдігінің 2012 жылғы 13 ақпандағы N 322 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 13 наурызда N 4297 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы әкімдігінің 2013 жылғы N 418 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы әкімдігінің 25.12.2013  N 418 қаулысымен.

      "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 75-бабының 3-тармағына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қызылорда облысының коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидасы бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Н.Н. Годуноваға жүктелсін.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Қызылорда облысы әкімдігінің 12.10.2013 N 315 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда облысының әкімі                         Б. Қуандықов

      Қызылорда облысы әкімдігінің
      2012 жылғы "13" ақпандағы
       N 322 қаулысымен бекітілген

       Қызылорда облысының коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидасы

       1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қызылорда облысының коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидасы (бұдан әрі-Қағида) 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" (бұдан әрі – Заң) Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді және коммуналдық меншіктегі объектілерді сенімгерлік басқаруға берудің, оның ішінде тендер өткізудің, сенімгерлік басқарушылармен шарттар жасасудың және сенімгерлік басқару шарттары бойынша міндеттемелердің орындалуын бақылауды жүзеге асырудың тәртібін айқындайды.
      2. Осы Қағида да мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      басқару органы – акционерлік қоғам (жауапкершілігі шектеулі серіктестік) акцияларының мемлекеттік пакетін (жарғылық капиталдағы қатысу үлесін) иелену мен пайдалану құқығын және/немесе мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынды басқаруды жүзеге асыратын жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын тиісті саланың атқарушы органы;
      нарықтық құн – кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға беру туралы шешім қабылданған жағдайда, Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес бағалаушының бағалау туралы есебі негізінде айқындалатын объектінің құны;
      облыстық коммуналдық мүліктің сенімгерлік басқарудағы құрылтайшысы – жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын облыстық (аудандық, Қызылорда қалалық) коммуналдық мүлікті басқаруға уәкілетті атқарушы орган;
      объект – мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындардың мүліктік кешені, бағалы қағаздар, мүліктік құқықтар (жарғылық капиталдағы қатысу үлестері), сондай-ақ, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген жағдайларда сенімгерлік басқару шартының объектісі болып табылатын өзге облыстық (аудандық, Қызылорда қалалық) коммуналдық мүлік;
      сенімгерлік басқарушы – облыстық (аудандық, Қызылорда қалалық) коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқарудың құрылтайшысымен сенімгерлік басқару шартын жасасқан жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалар;
      тендер – коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқарудың құрылтайшысы өзі ұсынған шарттардың негізінде тендер жеңімпазымен шарт жасасуға міндеттенетін, объектіні сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі конкурстық сауда-саттық нысаны;
      тендер жеңімпазы – тендерлік комиссияның қорытындысы бойынша ең тиімді шарттарды ұсынған тендерге қатысушы;
      тендерге қатысушы – тендерге қатысуға жіберілген жеке немесе заңды тұлға;
      шарт – коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқарудың құрылтайшысы мен сенімгерлік басқарушының арасында жасалатын объектіні сенімгерлік басқару шарты;

2. Объектіні сенімгерлік басқаруға берудің тәртібі

      3. Объектіні кейіннен сатып алу құқығымен немесе құқығынсыз сенімгерлік басқаруға беру туралы шешімді коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқарудың құрылтайшысы қабылдайды.
      4. Кейіннен сатып алу құқығымен немесе рентабельді емес мемлекеттік кәсіпорындарды оңалту үшін объектіні сенімгерлік басқаруды құрған жағдайда тендерді өткізу міндетті болып табылады.
      5. Рентабельді емес кәсіпорындарға мынадай өлшемдерге жауап беретін коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар жатады:
      1) үш жылдың ішінде ағымдағы, негізгі және негізгі емес қызметтің рентабельділігі көрсеткіштерінің төмендеуі және/немесе олардың жоспарланған мөлшерді қамтамасыз етпеуі;
      2) қатарынан үш жылдың ішінде таза табыс бойынша жоспарлы көрсеткіштерді орындамауы.
      6. Объектіні кейіннен сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға беру тендер өткізбестен мынандай жағдайларда жүзеге асырылады:
      1) объектіні заңды тұлғалардың жарғылық капиталын төлеу есебіне бергенге дейін;
      2) теңгерім ұстаушылардың жазбаша келісімінің негізінде жүзеге асырылатын, алаңы бір жүз шаршы метрге дейінгі үй-жайларды, ғимараттар мен құрылыстарды, қалдық құны бір жүз елу еселенген ең төменгі есепті көрсеткіштен аспайтын жабдықты бергенде;
      3) теңгерім ұстаушылардың жазбаша келісімінің негізінде ерекше режимдегі объектілерге жататын мемлекеттік мекемелердің теңгерімінде тұрған мүлікті бергенде тендер өткізбестен жүзеге асыруға болады.
      Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қызылорда облысы әкімдігінің 12.10.2013 N 315 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      7. Осы Қағиданың 6-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайды қоспағанда, объектіні тендер өткізбестен сенімгерлік басқаруға берген кезде мүдделі тұлғаның объектіні сенімгерлік басқаруға беруге еркін нысандағы өтініміне мынадай құжаттар қоса беріледі:
      1) теңгерім ұстаушының объектіні сенімгерлік басқаруға жазбаша келісімі;
      2) объектінің қажеттілігіне негіздеме;
      3) заңды тұлғалар үшін – заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамаcы немесе куәліктің, құрылтай құжаттарының (құрылтай шарты және жарғы) нотариалды куәландырылған көшірмелері;
      жеке тұлғалар үшін – дара кәсіпкерді (бірлескен дара кәсіпкерлікті) мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің, жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмелері.
      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - Қызылорда облысы әкімдігінің 12.10.2013 N 315 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      8. Объектіні тендер өткізбестен сенімгерлік басқаруға беру кезінде объектіні сенімгерлік басқаруға беруге өтінімді коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқарудың құрылтайшысы жеті жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қарайды.
      9. Объектіні тендер өткізбестен сенімгерлік басқаруға беру кезінде сенімгерлік басқарушымен коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқарудың құрылтайшысы не оның міндетін атқарушы тұлға өтінім берген күннен бастап он бес жұмыс күнінен кешіктірмей шарт жасасады.

       3. Объектіні сенімгерлік басқаруға беруге дайындау

      10. Объектіні сенімгерлік басқаруға беруге дайындауды коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқарудың құрылтайшысы жүзеге асырады.
      11. Басқару органы коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқарудың құрылтайшысына акциялары (жарғылық капиталдағы қатысу үлестері) не мүліктік кешені объекті болып табылатын заңды тұлғаның құрылтай құжаттарын, соңғы үш жылдағы қаржылық-шаруашылық қызметі туралы толық ақпаратты, объектіні кейіннен сатып алу құқығымен немесе құқығынсыз сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі шарттарды белгілеу туралы ұсынысты береді.
      Өзге объектілер бойынша басқару органы коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқарудың құрылтайшысына объектінің сипаттамасын, объектінің теңгерімдік құны туралы мәліметтерді және объектіні кейіннен сатып алу құқығымен немесе құқығынсыз сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі шарттарды белгілеу туралы ұсынысты береді.
      12. Мемлекеттік заңды тұлғалардың, сондай-ақ, акциялары мен жарғылық капиталдарындағы мемлекеттің қатысу үлестері сенімгерлік басқаруға беру объектісі болып табылатын мемлекеттік емес заңды тұлғалардың лауазымды адамдары коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқару құрылтайшысының жазбаша сұрау салуы бойынша олар белгілеген мерзімде объектіні сенімгерлік басқаруға беруге дайындау үшін қажетті мәліметтерді береді және берілген мәліметтердің дұрыстығына жауапты болады.

       4. Тендер өткізуге дайындық

      13. Коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқарудың құрылтайшысы сенімгерлік басқаруды құру мақсатында:
      1) тендер ұйымдастырады (тендерлік комиссияның құрамы мен жұмыс регламентін бекітеді, тендерге қатысушыларды тіркейді, ақпараттық хабарламалардың жариялануын қамтамасыз етеді);
      2) кепілдік жарналарды қабылдайды;
      3) Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес объектіні бағалауды жүргізуге шарттар жасасады;
      4) тендердің өткізілу барысын бақылауды жүзеге асырады;
      5)0тендер өткізу рәсімдеріне байланысты тендерге қатысушылармен және бағалаушылармен есептерді жүзеге асырады;
      6) сенімгерлік басқарушымен шарт жасасады;
      7) объектіні сенімгерлік басқаруға беруге байланысты өзге де функцияларды жүзеге асырады.
      14. Коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқарудың құрылтайшысы тендерді ұйымдастыру және өткізу үшін тұрақты тендерлік комиссия құрады.
      Тендерлік комиссияның құрамына коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқару құрылтайшысының, басқару органының өкілдері қосылады. Төраға мен хатшы коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқару құрылтайшысының өкілдері болып табылады. Тендерлік комиссия құрамының саны кемінде бес адамнан құрылады. Хатшы тендерлік комиссияның мүшесі болмайды.
      15. Тендерлік комиссия мынандай функцияларды жүзеге асырады:
      1) кепілдік жарнаның мөлшерін бекітеді;
      2) қажет болған жағдайда тендердің шарттары мен сенімгерлік басқарушыға қойылатын талаптарды айқындайды;
      3) тендер өткізеді;
      4) тендер жеңімпазын жариялайды.
      16. Тендерлік комиссияның хатшысы тендерлік комиссия құжаттарын ресімдейді.
      17. Тендерді өткізуге дайындық кезінде коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқарудың құрылтайшысы объекті туралы ақпарат жинауды, ақпараттық хабарламаның уақтылы жариялануын қамтамасыз етеді, бағалауды (объектіні кейін сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға берген жағдайда) жүргізеді, келіп түскен материалдарды тендерлік комиссияның қарауына береді.
      18. Тендер өткізу туралы ақпараттық хабарлама тендер өткізудің жарияланған күніне дейін кемінде он бес күнтізбелік күн бұрын, ал акционерлік қоғамдардың акциялары мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін сенімгерлік басқаруға беру кезінде – тендерді өткізгенге дейін кемінде отыз күнтізбелік күн бұрын мерзімді баспасөз басылымдарында қазақ және орыс тілдерінде жарияланады әрі мынандай мәліметтерді қамтиды:
      1) тендердің шарттары мен тендер жеңімпазын анықтау өлшемдерін;
      2) тендер объектісінің қысқаша сипаттамасын;
      3) тендерді өткізу күнін, уақыты мен орнын;
      4) тендерге қатысуға өтінім салынған конвертті ұсынудың тәртібін, тәсілін, орны мен соңғы мерзімін және тендерге қатысуға өтінім қолданысының талап етілетін мерзімін;
      5) кепілдік жарнаның мөлшері мен оның енгізу үшін банктің деректемелерін;
      6) сенімгерлік басқарушыға қойылатын талаптарды;
      7) мемлекеттік басқару органдары ұсынған қосымша мәліметтерді.
      19. Тендерлік комиссия тендердің шарттарын өзгерткен жағдайда барлық өзгерістер туралы хабарландыру осы Қағиданың 18-тармағында белгіленген тәртіппен және мерзімде жариялануы тиіс.
      Тендердің шарттары өзгергені туралы хабарлама жарияланғанға дейін тендерге қатысуға өтінім берген және осыған байланысты тендерге қатысудан бас тартқан тұлғалар кепілдік жарнаны толық көлемде қайтаруды талап етуге құқылы.
      20. Ақпараттық хабарлама жарияланғаннан кейін коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқарудың құрылтайшысы тендерге қатысушы болуға тілек білдіргендерге объекті туралы ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз етеді.
      21. Тендерге қатысушылар тендер өткізу туралы ақпараттық хабарламада көрсетілген мөлшерде, мерзімде және тәртіппен кепілдік жарна төлейді. Кепілдік жарнаның мөлшерін ақпараттық хабарлама жарияланғаннан кейін өзгертуге болмайды. Кепілдік жарнаны алушы коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқарудың құрылтайшысы болып табылады.
      22. Тендерге қатысу үшін кепілдік жарна әрбір объект үшін оның нарықтық құнының немесе теңгерімдік құнының (объектіні кейіннен сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға берген жағдайда) он пайызына дейін бөлек белгіленеді.
      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - Қызылорда облысы әкімдігінің 12.10.2013 N 315 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      23. Кепілдік жарна қатысушының мынадай міндеттемелерін қамтамасыз ету болып табылады:
      1) тендерлік құжаттамасы жеңді деп танылған жағдайда тендердің нәтижелері туралы хаттамаға қол қою;
      2) коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқарудың құрылтайшысымен шарт жасасу.
      24. Егер тендерге қатысушылар осы Қағиданың 19-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тендер өткізілгенге дейін кемінде үш жұмыс күн бұрын оған қатысудан бас тартқан жағдайда коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқарудың құрылтайшысы оларға кепілдік жарнаны қайтармайды.
      25. Осы Қағиданың 24 және 35 тармақтарында көрсетілген талаптардан басқа барлық жағдайларда кепілдік жарна тендер аяқталған күннен бастап он банктік күннен кешіктірілмейтін мерзімде қайтарылады.
      Кепілдік жарналар сауда-саттыққа қатысушының деректемелері көрсетіліп, осы қатысушы берген кепілдік жарнаны қайтару туралы өтініші негізінде қайтарылады.

       5. Тендерді өткізу

      26. Тендерге қатысушыларды тіркеу ақпараттық хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және тендер басталғанға дейін жиырма төрт сағат бұрын аяқталады.
      27. Тендерге қатысушы ретінде тіркелу үшін мыналарды ұсыну қажет:
      1) осы Қағиданың қосымшасында белгіленген нысан бойынша тендерге қатысушыны тендер жеңімпазы деп жариялаған жағдайда оның жазбаша, ақпараттық хабарламада көрсетілген және тендерге қатысушының өзі ұсынған тендер талаптарында шарт жасасу міндеттемесін білдіретін тендерге қатысуға өтінімді;
      2) паспортты немесе өзге жеке басын куәландыратын құжатты (құжаттың салыстырып тексеру үшін көшірмесін және түпнұсқасын немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі) – жеке тұлғалар үшін;
      3) банктік шоттың барын растайтын банк анықтамасының түпнұсқасын;
      4) кепілдік жарнаны төлегенін растайтын банк анықтамасының түпнұсқасын және көшірмесін;
      5) жабық конверттегі тендердің шарттарын қанағаттандыратын ұсынысты (бизнес-жоспар);
      6) өкілдің өкілеттігін куәландыратын құжаттың түпнұсқасын, сондай-ақ, өкілдің тұлғалығын куәландыратын құжаттың салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы мен көшірмесін, немесе жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесін береді.
      Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда - Қызылорда облысы әкімдігінің 12.10.2013 N 315 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      28. Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары жарғының және заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың немесе куәліктің салыстыру үшін көшірмелері мен түпнұсқаларын немесе нотариалды куәландырылған көшірмелерін қосымша ұсынады. Шетелдік заңды тұлғалары құрылтай құжаттарын нотариалды куәландырылған қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасымен бірге ұсынады.
      Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда - Қызылорда облысы әкімдігінің 12.10.2013 N 315 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      29. Өтінімдерді қабылдауды және тендерге қатысуға ниет білдірген адамдарды тіркеуді тендер комиссиясының хатшысы талап етілетін құжаттардың толық жиынтығы бар болған кезде жүргізеді.
      30. Мыналар тендерге қатысушы бола алмайды:
      1) Қазақстан Республикасының заңдарына немесе құрылтай құжаттарына сәйкес жүзеге асырылуы тендердің шарттары болып табылатын қызмет түрлерімен айналысуға құқығы жоқ заңды тұлға;
      2) сенімгерлік басқаруға шарт жасасу және оны орындау жөніндегі тиісті міндеттемелерді орындамаған өткен тендерлердің жеңімпазы.
      31. Қазақстан Республикасының заңдарымен көзделген жағдайларды қоспағанда, облыстық мүлікті сенімгерлік басқарудың құрылтайшысы тендерге қатысушыларға қатысы бар ақпаратты тендерді дайындау және оны өткізудің бүкіл кезеңі ішінде жариялауға құқығы жоқ.
      32. Тендердің ықтимал қатысушыларының құжаттары тіркеу журналына тіркелгеннен кейін сейфте сақталады.
      Тендерлiк комиссия тендерге қатысушылардың ұсыныстары бар конверттерiн ашады. Конверттердi ашқаннан және ұсыныстарды жариялағаннан кейiн комиссия ұсыныстарды талқылауға және бағалауға кеңесуге кетедi.
      33. Тендерлiк комиссия тендерге қатысушылардың ұсыныстарын қарап, мыналарды анықтайды:
      тендерге қатысушы құжаттарының толық пакетi болуы және дұрыстығы;
      тендер шарттарын қанағаттандыратын, объектiнi пайдалану бойынша ең тиiмдi ұсыныстың (бизнес жоспарының) болуы.
      Ұсыныстың (бизнес жоспардың) тиiмдiлiгi қатысушылардың мынадай ұсыныстарының негiзгi көрсеткіштерін салыстыру әдiсiмен анықталады:
      объектiге қаржы жұмсау үшiн ұсынылатын инвестициялардың көлемi;
      объектiнi жақсарту бойынша жұмыстар, егер ол тендердiң шарттарымен көзделген жағдайда, оны өткiзу мерзiмi;
      құрылатын жұмыс орындардың саны;
      өндiрiстiк қызметтi ұйымдастыру немесе халыққа қызмет көрсетудiң мерзiмi.
      34. Тендерлiк комиссияның шешiмi хаттамамен ресiмделедi, оған тендерлiк комиссияның мүшелерi, оның төрағасы және тендер жеңiмпазы қол қояды. Тендерлiк комиссияның мүшесi қажет болса өзiнiң ерекше пiкiрiн жазбаша бередi немесе оны хаттамаға қоса тiркейдi, ол туралы хаттамада белгi қойылады.
      35. Тендер нәтижелерi туралы хаттама тендер нәтижелерi және тендер жеңiмпазы мен құрылтайшының тендер шарттарында шарт жасасу мiндеттемелерiн және тендер жеңiмпазының ұсыныстарын белгiлейтiн құжат болып табылады.
      Тендер жеңiмпазы тендердiң нәтижелерi туралы хаттамаға немесе шартқа қол қоюдан жалтарған кезде өзi төленген кепiлдiк жарнаны жоғалтады.
      36. Тендердiң аяқталуына бiр күн қалғаннан кейiнгi күннен кешiктiрмей комиссия тендерге қатысушылардың барлығына тендер қорытындысын хабарлайды.
      37. Тендер мынадай жағдайларда өтпеді деп танылады:
      1) үшiншi және кейiнгi тендерлердi қоспағанда, тiркелген қатысушылардың саны екеуден кем болса;
      2) тендерлiк комиссия қатысушылардың ұсыныстарын тендер шарттарын қанағаттандырмайды немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмейтiндi деп таныса;
      3) тендер жеңiмпазы тендердiң нәтижелерi туралы хаттамаға қол қоюдан бас тартса.
      38. Тендерге қатысуға тіркелгендер екеуден аз болған жағдайда тендерлік комиссия желімделген конвертті ашпайды. Тендер өткізілмеді деп танылғаннан кейін барлық ұсынылған құжаттар қатысушының жазбаша сұрауы бойынша оған қайтарылады.
      39. Осы Қағиданың 37 тармағының 1) тармақшасына сәйкес сатып алу құқығы берілмейтін тендер өткізілмеді деп танылған жағдайда, коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқарудың құрылтайшысы тендер шарттары бойынша шарт жасасуға ниет білдірген жалғыз қатысушыға объектіні беру туралы шешім қабылдауға құқылы.
      40. Егер тендерге қатысуға өтiнiмдер, жеңiмпаз болмаған жағдайда, жеңiмпаз хаттамаға немесе сенiмгерлiкпен басқару шартына қол қоюдан бас тарту себебi бойынша тендерде объект ешкiмге ұсынылмаса, жаңа тендер жариялануы және тендердiң шарттары өзгеруi мүмкiн.

       6. Объектiнi сенiмгерлiк басқару шартының қорытындысы

      41. Сенiмгерлiк басқарушы сенiмгерлiкпен басқару шарты негiзiнде пайда алушының мүддесiнде объектiнi басқаруды жүзеге асырады.
      42. Кейiннен сатып алу құқығымен сенiмгерлiкпен басқару шарты тендер өткiзгеннен кейiн 10 күнтiзбелiк күннен кешiктiрiлмей жасалады.
      43. Объектiнi кейiннен сатып алу құқығымен сенiмгерлiкпен басқаруға берген кезде объектiнi сенiмгерлiкпен басқарушының сатып алу шарттары шартпен анықталады.
      44. Объектіні сенімгерлік басқарушының сатып алу шарттары шартпен анықталады. Сенiмгерлiк басқарушыға объектiнi сатуға ол шартты тиiсiнше орындаған жағдайда ғана жол берiледi. Объектiнi сату сатып алу-сату шартын жасасу арқылы нарықтық құн бойынша0жүзеге0асырылады.
      Сенімгерлік басқару мерзімі ішінде нарықтық құн инфляция деңгейіне сәйкес индекстеуге жатады және сатып алу-сату шартын жасасқан күннен кейін үш жылдан аспайтын мерзімге бөліп төленуі мүмкін. Нарықтық құнды бөліп төлеу мүмкіндігі сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі тендердің шарттарына енгізіледі. Нарықтық құнды бөліп төлеудің мерзімі мен тәртібі сатып алу-сату шартында айтылады.

       7. Шарттың орындалуын бақылау

      45. Шарт талаптарының орындалуын бақылауды сенiмгерлiк басқарудың құрылтайшысы0жүзеге0асырады.
      46. Сенiмгерлiк басқару шартының орындалуына бақылауды жүзеге асыру үшiн құрылтайшы0шарттың0орындалуына0байланысты0құжаттармен0танысады.
      47. Сенiмгерлiк басқарушы құрылтайшыға өзiнiң қызметi туралы есептi шартта белгiленген0мерзiмдерде0және0тәртiппен0ұсынады.
      48. Шарт талаптарының орындалуын бақылау сенiмгерлiк басқарушы мiндеттемелердi орындауды аяқтаған сәтке дейiн жүргiзiледi.

       8. Қорытынды ережелер

      49. Қазақстан Республикасының заңында көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Қағидада көзделген сенiмгерлiк басқару қатынастарына Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасының осындай қатынастарды реттейтiн нормалары таралады.

Қызылорда облысының коммуналдық
      мүлікті сенімгерлік басқаруға
      беру қағидасына қосымша

      Коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі тендерге қатысуға
      Өтінім

      Ескерту. Қаулы қосымшамен толықтырылды - Қызылорда облысы әкімдігінің 12.10.2013 N 315 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
 

      1. Кейіннен сатып алу _______________________ _______ мерзімге ______________________________

      (құқығымен/құқығынсыз) жыл (объектінің атауы)
сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі тендер өткізу туралы жарияланған ақпараттық хабарламаны қарап және коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидасымен таныса отырып, мен. өтінімге қол қоюға уәкілетті, төменде қол қоюшы,______________________ _____________________________________________

      (толық аты-жөні, тегі)      (атынан тапсырыс беріп отырған Қатысушы көрсетіледі)

атынан тендерге қатысу өтінімін қабылдауды және 20____ жылғы "____" ________ ______________________ мекенжай бойынша өтетін тендерге қатысушы ретінде тіркеуді сұраймын.

      2. Біз (мен) ________________________________________ сомасында тендерге қатысу үшін ақпараттық

      (теңгедегі сома, сондай-ақ жазумен көрсетіледі)

хабарламада көрсетілген облыстық (аудандық, Қызылорда қалалық) коммуналдық мүлікті басқаруға уәкілетті атқарушы органның депозиттік шотына: ______________________________________________
      (ЖСК, БСК, төлем коды, Кбе, мекеменің коды) кепілдік жарна енгіздік (енгіздім).

      3. Біздің (менің) қатысушыға қойылатын талаптарға сәйкес еместігіміз айқындалған жағдайда, біз (мен) тендерге қатысу құқығынан айырылатынымызға (ма), біз (мен) тендерде жеңіске жеткен жағдайда біз (мен) қол қойған Тендердің нәтижелері туралы хаттама мен Сенімгерлік басқару шарты жарамсыз деп танылатына келісемін.

      4. Егер біз (мен) тендердің Жеңімпазы болған жағдайда, өзімізге тендерді өткізген күні Тендердің нәтижелері туралы хаттамаға қол қою және тендер аяқталғаннан кейін он күнтізбелік күннен кешіктірмей ақпараттық хабарламада көрсетілген және біз (мен) ұсынған тендердің шарттарында Сенімгерлік басқару шартын жасасу міндеттемесін аламыз.

      5. Біз енгізген кепілдік жарна сомасы қайтарылмайтынымен және мынадай:
      тендер өткізілгенге дейін кемінде үш күн бұрын оған қатысудан бас тартқан;
      Тендердің нәтижелері туралы хаттамаға немесе Сенімгерлік басқару шартына қол қоюдан жалтарған;
      менің (біздің) Қатысушыға қойылатын талаптарға сәйкес еместігіміз айқындалған жағдайларда келісеміз (мін).

      6. Осы өтінім Тендердің нәтижелері туралы хаттамамен бірге Сенімгерлік басқару шартын жасасуға дейін қолданылатын шарт күшіне ие.

      7. Өтінішке
      1) ____________________________________________________________        2) ____________________________________________________________
      3) ____________________________________________________________ қоса беріліп отыр.

      8. Төлем деректемелері:
____________________________________________________________________      (бенефициар-банктің деректемелері: банктің атауы, ЖСК, БСК) ____________________________________________________________________      (алушының деректемелері: атауы, ЖСК, Кбе, ағымдағы шоты)

      9. Қатысушының толық атауы (заңды тұлғаның немесе аты-жөні) және жеке тұлғаның паспорттық деректері мен тұратын жері (мекенжайы, телефон, факс және т.б.) ______________________________________

_________ ____________________________________________________      (қолы) (сенімхаттың негізінде әрекет ететін уәкілетті тұлғаның аты-жөні)

      20_____ жылғы "____" ____________
 

Мөр орны

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады