Ескерту. Қаулының атауы жаңа редакцияда - Қызылорда облысы әкімдігінің 20.05.2020 № 34 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Өсімдіктер карантині туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы Заңына, "Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Қызылорда облыстық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің ұсынысына сәйкес облыс аумағында таралған карантиндік объектілердің таралу ошақтарын оқшаулау және жою мақсатында Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қызылорда облысының аумағында карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақ белгіленсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қызылорда облысы әкімдігінің 20.05.2020 № 34 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).2. "Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы", "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Қызылорда облыстық аумақтық инспекциясы" (келісім бойынша) мемлекеттік мекемелері осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Р.С. Нұртаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда облысы әкімдігінің 2013 жылғы "23" қазандағы № 334 қаулысына қосымша |
Қызылорда облысының аумағында карантиндік режимді енгізе отырып белгіленген карантиндік аймақ
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қызылорда облысы әкімдігінің 10.01.2024 № 5 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
№ | Әкімшілік-аумақтық бірлік атаулары | Барлық залалданған аумақ, гектар | Оның ішінде карантиндік объектілердің түрлері бойынша, гектар | |||
жатаған (қызғылт) кекіре | арам сояулар | калифорниялық қалқаншалы сымыр | қауын шыбыны | |||
1. | Арал ауданы | 85,5 | 7,5 | 0 | 5 | 73 |
2. | Қазалы ауданы | 255,505 | 4 | 23,005 | 8,5 | 220 |
3. | Қармақшы ауданы | 395,5 | 10 | 257 | 8,5 | 120 |
4. | Жалағаш ауданы | 519,02 | 40 | 303,02 | 9 | 167 |
5. | Сырдария ауданы | 412 | 40 | 194 | 10 | 168 |
6. | Шиелі ауданы | 838 | 75 | 95 | 8 | 660 |
7. | Жаңақорған ауданы | 919 | 35 | 519 | 10 | 355 |
8. | Қызылорда қаласы | 94,9 | 0 | 66,9 | 11 | 17 |
Барлығы | 3519,425 | 211,5 | 1457,925 | 70 | 1780 |