"Қызылорда облысында карантиндік режимді енгізе отырып, карантинді аймақты белгілеу туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2013 жылғы 23 қазандағы № 334 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қызылорда облысы әкімдігінің 2020 жылғы 20 мамырдағы № 34 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 21 мамырда № 7446 болып тіркелді

      "Өсімдіктер карантині туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы Заңының 9-1-бабына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Агроөнеркәсiптiк кешендегi мемлекеттiк инспекция комитетiнiң Қызылорда облыстық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің 2020 жылғы 26 ақпандағы № 03-03-174 ұсынысына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қызылорда облысында карантиндік режимді енгізе отырып, карантинді аймақты белгілеу туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2013 жылғы 23 қазандағы № 334 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4539 нөмірімен тіркелген, "Сыр бойы" және "Кызылординские вести" газеттерінде 2013 жылғы 23 қарашада жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      аталған қаулының тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:

      "Қызылорда облысының аумағында карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қызылорда облысының аумағында карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақ белгіленсін.";

      аталған қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Агроөнеркәсiптiк кешендегi мемлекеттiк инспекция комитетiнiң Қызылорда облыстық аумақтық инспекциясы" (келісім бойынша) мемлекеттік мекемелері заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Б.Д. Жахановқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда облысының әкімі Г. Абдыкаликова
     
      "КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрлiгi
Агроөнеркәсiптiк кешендегi
мемлекеттiк инспекция
комитетiнiң Қызылорда облыстық
аумақтық инспекциясы"
мемлекеттік мекемесі

  Қызылорда облысы әкімдігінің 2020 жылғы 20 мамыры № 34 қаулысына қосымша
  Қызылорда облысы әкімдігінің 2013 жылғы "23" қазандағы № 334 қаулысына қосымша

Қызылорда облысының аумағында карантиндік режимді енгізе отырып белгіленген карантиндік аймақ

Аудандар мен қала атаулары

Барлық залалданған аумақ, гектар

Оның ішінде карантиндік объектілердің түрлері бойынша, гектар

жатаған (қызғылт) кекіре

арам сояулар

калифорниялық қалқаншалы сымыр

қауын шыбыны

1.

Арал ауданы

133,01

104,01

2

14

13

2.

Қазалы ауданы

304

74

10

10

210

3.

Қармақшы ауданы

232,5

60

22

10,5

140

4.

Жалағаш ауданы

313

74

57

20

162

5.

Сырдария ауданы

530

127

142

13

248

6.

Шиелі ауданы

905,8

140

100,8

5

660

7.

Жаңақорған ауданы

1004

104

385

5

510

8.

Қызылорда қаласы

75,5

23

2,5

18

32

Барлығы

3497,81

706,01

721,3

95,5

1975


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады