"Қызылорда облысының аумағында карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2013 жылғы 23 қазандағы № 334 қаулысына өзгеріс енгізу турал

Жаңа

Қызылорда облысы әкімдігінің 2025 жылғы 14 қаңтардағы № 4 қаулысы

      "Өсімдіктер карантині туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабына және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Агроөнеркәсiптiк кешендегi мемлекеттiк инспекция комитетiнiң Қызылорда облыстық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің 2024 жылғы 26 желтоқсандағы № 03-10-715 ұсынысына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қызылорда облысының аумағында карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2013 жылғы 23 қазандағы № 334 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4539 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда облысының әкімі Н. Нәлібаев

  Қызылорда облысы әкімдігінің
2025 жылғы "14" қаңтардағы
№ 4 қаулысына қосымша

  Қызылорда облысы әкімдігінің
2013 жылғы "23" қазандағы
№ 334 қаулысына қосымша

Қызылорда облысының аумағында карантиндік режимді енгізе отырып белгіленген карантиндік аймақ

Әкімшілік-аумақтық бірлік атаулары

Барлық залалданған аумақ, гектар

Оның ішінде карантиндік объектілердің түрлері бойынша, гектар

жатаған (қызғылт) кекіре

арам сояулар

калифорниялық қалқаншалы сымыр

қауын шыбыны

1.

Арал ауданы

85,5

7,5

0

5

73

2.

Қазалы ауданы

262,505

4

30,005

8,5

220

3.

Қармақшы ауданы

370,75

15

227,25

8,5

120

4.

Жалағаш ауданы

827,02

40

611,02

9

167

5.

Сырдария ауданы

377

30

174

5

168

6.

Шиелі ауданы

828

75

85

8

660

7.

Жаңақорған ауданы

1153

35

753

10

355

8.

Қызылорда қаласы

99,9

0

71,9

11

17

Барлығы

4003,675

206,5

1952,175

65

1780


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады