Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қызылорда қаласы әкімдігінің 28.01.2014 N 1518 қаулысымен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5, 7-баптарына сәйкес Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2013 жылға нысаналы топтарға жататын тұлғалардың қосымша тізбесі белгіленсін:
жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
алған мамандығы бойынша еңбек өтілі мен тәжірибесі жоқ техникалық және кәсіптік білім, орта білімнен кейінгі ұйымдардың бітірушілері;
ұзаққа созылған (он екі ай және одан көп айлар) жұмыссыздықты бастан кешірген адамдар;
елу жастан асқан адамдар;
жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның жолдамасы бойынша кәсіптік оқуды бітірген жұмыссыздар;
отбасында бір де бір жұмыс істейтін адамы жоқ тұлғалар.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Р. Рүстемовке жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда қаласының әкімі Н. Нәлібаев