"Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5-бабының 2-тармағына сәйкес Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2014 жылға арналған Қызылорда қаласының аумағында тұратын нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. Қызылорда қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 17 сәуірдегі N 193 "2013 жылға нысаналы топтарға жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 4447 болып тіркелген, 2013 жылғы 23 мамырда "Ақмешiт апталығы", 2013 жылғы 24 мамырда "Кызылорда Таймс" газеттерінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда қаласы әкiмiнiң орынбасары Р. Рүстемовке жүктелсiн.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қызылорда қаласының әкімі | Н. Нәлібаев |
Қызылорда қала әкімдігінің 2014 жылғы "28" қаңтардағы N 1518 қаулысына қосымша |
2014 жылға арналған Қызылорда қаласының аумағында тұратын нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесі
1. 21 жастан 29 жасқа дейінгі жастар.
2. 50 жастан асқан жұмыссыз тұлғалар.
3. Отбасында бірде-бірі жұмыс істемейтін тұлғалар.
4. Бір жылдан ұзақ уақыт жұмыс істемейтін тұлғалар.
5. Техникалық және кәсіби білім беру орындарының түлектері.