2013 жылға нысаналы топтарға жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Қызылорда қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 17 сәуірдегі N 193 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 15 мамырда N 4447 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қызылорда қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 28 қаңтардағы N 1518 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қызылорда қаласы әкімдігінің 28.01.2014 N 1518 қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 57-баптарына сәйкес Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2013 жылға нысаналы топтарға жататын тұлғалардың қосымша тізбесі белгіленсін:
      жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
      алған мамандығы бойынша еңбек өтілі мен тәжірибесі жоқ техникалық және кәсіптік білім, орта білімнен кейінгі ұйымдардың бітірушілері;
      ұзаққа созылған (он екі ай және одан көп айлар) жұмыссыздықты бастан кешірген адамдар;
      елу жастан асқан адамдар;
      жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның жолдамасы бойынша кәсіптік оқуды бітірген жұмыссыздар;
      отбасында бір де бір жұмыс істейтін адамы жоқ тұлғалар.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Р. Рүстемовке жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда қаласының әкімі                     Н. Нәлібаев 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады