Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының 08.11.2017 № 103 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Заңының 97-бабының 2-тармағына және "Тұрғын үй көмегiн көрсету Ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 30 желтоқсандағы N 2314 Қаулысына сәйкес Арал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" Арал аудандық мәслихатының 2013 жылғы 02 мамырдағы N 97 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде нөмірі 4459 болып тіркелген, "Толқын" газетінің 2013 жылғы 19 маусымдағы N 51 санында жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібінде:
1-тармақтың екінші абзацы мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
"Шекті жол берілетін шығыстар үлесі отбасының (азаматтың) жиынтық табыстың 12 пайызы мөлшерінде белгіленеді.".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Арал аудандық | |
мәслихатының кезекті он | |
тоғызыншы сессиясының төрағасы | К. Бедер |
Арал аудандық | |
мәслихатының хатшысы | К. Данабай |