"Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" Арал аудандық мәслихатының 2013 жылғы 02 мамырдағы N 97 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының 2013 жылғы 14 тамыздағы N 113 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 6 қыркүйекте N 4508 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының 2017 жылғы 8 қарашадағы № 103 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының 08.11.2017 № 103 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Заңының 97-бабының 2-тармағына және "Тұрғын үй көмегiн көрсету Ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 30 желтоқсандағы N 2314 Қаулысына сәйкес Арал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" Арал аудандық мәслихатының 2013 жылғы 02 мамырдағы N 97 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде нөмірі 4459 болып тіркелген, "Толқын" газетінің 2013 жылғы 19 маусымдағы N 51 санында жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібінде:

      1-тармақтың екінші абзацы мынадай жаңа редакцияда жазылсын:

      "Шекті жол берілетін шығыстар үлесі отбасының (азаматтың) жиынтық табыстың 12 пайызы мөлшерінде белгіленеді.".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Арал аудандық


мәслихатының кезекті он


тоғызыншы сессиясының төрағасы

К. Бедер

Арал аудандық


мәслихатының хатшысы

К. Данабай


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады