"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 31 бабына, "Сауда қызметін реттеу туралы" 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 8, 27-баптарына және 2005 жылғы 21 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген "Ішкі сауда ережесіне" сәйкес Қазалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қосымшаға сәйкес Қазалы ауданында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындар белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Мақашовқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің | |
міндетін атқарушы | С. Мақашов |
Қазалы ауданы әкімдігінің 2013 жылғы "21" мамырдағы N 121 қаулысына қосымша |