Қазалы ауданында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындарды белгілеу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Қазалы ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 121 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 21 маусымда № 4465 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қазалы ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 11 ақпандағы № 30 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қазалы ауданы әкімдігінің 11.02.2016 № 30 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 31 бабына, "Сауда қызметін реттеу туралы" 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 8, 27-баптарына және 2005 жылғы 21 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген "Ішкі сауда ережесіне" сәйкес Қазалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қосымшаға сәйкес Қазалы ауданында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындар белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Мақашовқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімінің
      міндетін атқарушы С. Мақашов

  Қазалы ауданы әкімдігінің
2013 жылғы "21" мамырдағы
N 121 қаулысына қосымша

Қазалы ауданында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындар

р/с
Елді мекеннің атауы
Орналасатын орны
1
Қазалы қаласы
Қорқыт ата көшесі орталық алаңның шығыс жағы
2
Әйтеке би кенті
Жанқожа Нұрмағамбетұлы көшесі N 110, солтүстік жағы
Жанқожа Нұрмағамбетұлы көшесі нөмірсіз, "НұрАс және К" ЖШС-нің ғимаратының шығыс жағы
3
Арықбалық ауылдық округі, Жаңқожа батыр ауылы
Жанқожа Нұрмұхамбетұлы көшесі N 2, батыс жағы
4
Ғ.Мұратбаев ауылдық округі, Ғ.Мұратбаев ауылы
Қали Наурызбаев көшесі N 5, оңтүстік жағы
5
Құмжиек ауылдық округі, Қ.Пірімов ауылы
Төлеген Ізтілеуов көшесі N 50, оңтүстік-батыс жағы
6
Тасарық ауылдық округі, Тасарық ауылы
Қанатбаев Шахмаран көшесі N 11, шығыс жағы

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады